|   |   |  "Мақтаарал" "Алтайды" мақтамен "бауыздады"

"Мақтаарал" "Алтайды" мақтамен "бауыздады"

"Мақтаарал" "Алтайды" мақтамен "бауыздады"
"Алтай" өз алаңында ұтылып қалды

Шығыс Қазақстан облысының «Алтайы» ұтып тұрған жерінен айналдырған екі минутта қақпасына екі гол жіберіп алып, өз алаңындағы алғашқы ойында жеңіліп қалды. Осылайша турнир кестесінде ұпай жоғалтпаған командалардың саны екеуге дейін қысқарды.

«Семей» мен «Востокты» «құрбандыққа шалып», Шығыс Қазақстанның ашқан супер клубы «Алтай» болатын. Алайда, әзірге Сергей Тимофеевтің командасы өз ойынын толық тапқан жоқ. Бірінші турда түзде «Каспийді» 1:0 есебімен ұтып, өз алаңында күтпеген жерден Жетісайдың «Мақтааралынан» жеңіліп қалды.

Бұл «Алтай» футбол клубының тарихындағы алғашқы өз алаңындағы ойын болатын. Сондықтан, Өскеменнің «Восток» стадионына адам әжептеуір жиналды. Семейден де жүз шақты жанкүйер келіп, трибунадағы көрермендердің жалпы саны 3500-ге жетіп жығылды. Мұндай көрсеткіш Премьер-лиганың кейбір матчтарында да тіркелмейді.

Ойын алдында маусымның кішігірім ашылу салтанаты өтіп, көрермендер алдында жергілікті атқамінерлер де сөз сөйледі. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «Алтайдың» алдына қойылған асқақ мақсаттар жайлы айтқанда кейбір жанкүйерлердің жүректері толқып, сол күнге ертерек жетуді аңсап кеткендері де рас. Үлкендер жағы «Я, құдай, сол кезге жеткізе гөр» деп іштей дұға қылып та жатты.

Алаңға Андрей Карпович, Денис Колодин, Пламен Димов сынды «Алтайдың» жұлдыздары шыққанда халық ұлардай шулап қоя берді. Бірінші таймда алаң иелерінің басымдығы байқалғанымен үзіліске командалар тең есеппен тарқасып, жанкүйерлер екінші таймнан үлкен үміт күтті. Обалы не керек, Сергей Шафф есеп ашып, көрермендерді қиқулатып жіберді.

Кездесудің соңғы минуты және төреші қосқан тағы бірер минут зырғып өтсе, «Алтай» жеңіске жетпек. Халық тойлауға дайын. Кенет «Мақтаарал» шабуылшысы Максим Фильчаков күтпеген жерден гол соғып, алаң иелерін сең соққандай күйге түсірді. Сергей Тимофеев өрендері сол күйі естерін жимай кеткен секілді, мақтаған Колодин өз қақпасына гол соғып алып, «Мақтааралға» жеңісті қолмен сыйлап жіберді. Ойын аяқталды, есеп – 1:2.

«Қызылжар» да өз алаңындағы алғашқы ойынын екінші турда өткізді. Алайда «Алтайға» қарағанда петропавлдықтар жанкүйерлерін жасытқан жоқ. «Каспий» қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, 4500 көрерменнің алдында марқайып қалды.

Сол сияқты Қызылорданың «Қайсары» да қарсыласын аяған жоқ. Командасының өз алаңындағы алғашқы матчын тамашалау үшін Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионға 3000 көрермен жиналыпты. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен үзілістен кейін Сыр командасын тоқтату мүмкін болмады. Алдымен Думан Нәрзілдаев пенальтиден есеп ашса, ойынның аяқталуына жеті минут қалғанда айып добын әдемі орындаған Думан дубль авторы атанды. Ал төреші қосқан қосымша минутта таблода Роман Павиничтің есімі жарқылдап, 3:0 есебі тіркелді.

Өзге екі ойында «Екібастұз» әр таймда бір-бір голдан соғып, Қызылорданың екінші командасы «Байқоңырды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, Шымкентте «Қыран» Астананың «Бәйтерегін» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.


"Қайсарлық" Думан Нәрзілдаев командасына жеңіс сыйлады 

Бірінші лига

2-тур (16.04.2016)

«Алтай» (ШҚО) – «Мақтаарал» (Жетісай) 1:2 (0:0)
Голдар: Шафф, 51 (1:0). Фильчаков, 89 (1:1). Колодин, 90+2-автогол (1:2).
Ескерту: Сәкенов 24.
«Алтай»: Колбунцов, Жағыппар (Мұқанов 61), Таңібергенов, Карпович (к), Е.Шмидт (Ерсәлімов 64), Д.Шмидт, Шафф (Қасымов 74), Шакин, Сәкенов (Заречный 49), Димов, Колодин.
Резерв: Котляр, Умашев, Чулагов, Нурғалиев, Щеткин
«Мақтаарал»: Кувшинов, Жақұдаев (Балтабаев 67), Рыбалко, Мәжитов, Аллашүкіров (Абутов 62), Арғымбаев (Фильчаков 72), Азаматов, Ибраев, Құлымбетов (к), Покатилов, Шубаев (Эрбес 35)
Резерв: Андреев, Бақтияров, Әріпов, Махамбетов, Тажмағамбетов
Төрешілер: Бильдинов (Қарағанды), Завгородний (Петропавл), Карлов (Павлодар)
Өскемен. «Восток» стадионы. 3 500 көрермен.

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Каспий» (Ақтау) 4:0 (2:0)
Голдар: Аверченко, 18. Ступич, 42. Макаев, 46. Сұлтанов, 90+3.
Ескертулер: Шалекенов 19, Қабылан 41, Шевченко 70
«Қызыл-Жар»: Нестеренко (к), Гунченко (Соколенко 44), Сұлтанов, Перцух (Сапарғалиев 69), Аверченко (Макаев 46), Аитов, Алиев (Волков 78), Жанұзақов, Хичри, Ступич, Струков
Резерв: Зәкіров, Бегімбай, Бурцев, Мульдинов, Пасичник
«Каспий»: Аязбаев (к), Озғанов, Қызылтаев, Қабылан, Коне, Шевченко, Қадырбаев (Пасеченко 61), Шалекенов, Утробин (Жанысбаев 66), Ахмеев (Ескендіров 50), Жақыпов (Алқамбеков 81)
Резерв: Овчинников, Набиханов
Төрешілер: Бобров (Қарағанды), Кенжебаев (Шымкент), Кольев (Павлодар)
Петропавл. «Қарасай» стадионы. 4 500 көрермен. 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Шахтер-Болат» (Теміртау) 3:0 (0:0)
Голдар: Нәрзілдаев, 50-пен. Нәрзілдаев, 83. Павинич, 90+1.
Ескертулер: Ілиясов 67, Марушко 89 — Жолшорин 33, Тарасов 49.
«Қайсар»: Рушинас, Кейлер, Ілиясов, Қалмұратов, Керімжанов, Нәрзілдаев (Жахаев 85), Марочкин, Сахалбаев (к) (Нүсіп 59), Цуркан (Марушко 77), Алтынбеков (Павинич 46), Күнов.
Резерв: Исламқұлов, Назаров, Молтусинов, Сүйінов, Алтаев
«Шахтер-Болат»: Матаев, Кәрімов, Жақыпов, Буртовой, Жолшорин, Тарасов, Нұрзбаев (Егізбаев 65), Бернацкий (к), Алекперзаде, Жүсіпов (Төлеппов 73), Зверев
Резерв: Ақбұлан, Алексеев, Лунев, Наркескен, Федоров, Рақышев
Төрешілер: Ноженко (Талдықорған), Панин (Қостанай), Құсайынов (Астана)
Қызылорда. Ғ.Муұатбаев стадионы. 3 000 көрермен.

«Екібастұз» – «Байқоңыр» (Қызылорда) 2:0 (1:0)
Голдар: Бралин, 19. Саденко, 65.
Ескертулер: Жарынбетов 33, Мұратхан 36 — Төлегенұлы 76, Қарабек 85, Серік 90+3
«Екібастұз»: Айдарғалиев, Зейноллин (Омаров 38), Жарынбетов, Сүлейменов, Оразалиев (Әнуарбеков 64), Айменов, Бралин (к), Жұмкенов, Головешкин (Саденко 61), Қуанышев (Червов 80), Мырзабаев
Резерв: Нарымбаев, Орымбай, Павленок, Әлібеков, Мақажанов
«Байқоңыр»: Тілеуов, Кемалұлы, Рүстемов, Тілеуқабылов (Пахаев 82), Досманбет (Серік 84), Дастанов, Дүйсембаев (Ыбыраев 66), Қарабек (к), Төлегенов, Төлегенұлы, Жолдасов (Бахытжанұлы 56)
Резерв: Салайдын, Дүйсенбаев, Ысқақов
Төрешілер: Исмуратов (Астана), Конивец (Сараң), Қасенов (Астана)
Екібастұз. «Шахтер» стадионы. 500 көрермен.

«Қыран» (Шымкент) – «Бәйтерек» (Астана) 4:0 (1:0)
Голдар: Задорожный, 37. Тыныбек, 49-автогол. Ермырзаев, 51. Бөрібай, 90.
Ескерту: Гладченко, 66.
«Қыран»: Қаленов, Жақсыбайұлы, Мырза, Шәмші (Сүлейменов 79), Аметов (к), Дуплякин, Балтабеков (Бөрібай 58), Е.Нәбиев (Миллер 86), Ермырзаев, Нохрин, Задорожный (Э.Нәбиев 79)
Резерв: Сейдахмет, Жолдасов, Мыңбаев, Увалиев, Ахымбеков
«Бәйтерек»: Мартинкус, Әлиев, Гладченко, Еркен (Оралбай 71), Жақыпбаев, Қаламбеков, Құлекенов (к), Мірсәлімбаев (Тайкенов 55), Мұқанов, Сләмбеков (Сәрсенғалиев 53), Тыныбек (Шарифуллин 56)
Резерв: Черных, Әбдразақов, Қамбил
Төрешілер: Филатов (Сарань), Белоградов (Павлодар), Русяев (Қарағанды)
Шымкент. «Қажымұқан» стадионы. 300 көрермен.

Тізімге қайта оралу