|   |   |  Футбол + футзал + әйелдер командасы = клуб

Футбол + футзал + әйелдер командасы = клуб

Футбол + футзал + әйелдер командасы = клуб
Фото kff.kz сайтынан

Жақында Алматыда Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің басқосуы өтіп, премьерлигадағы әрбір клубтың футзал мен әйелдер арасындағы командасы болуы керек деген шешім қабылданды.

Жалпы Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті отырысында төмендегі мәселелер қаралып, нақты шешімдер бекітілді:

- Бірінші лига клубтары арасында Қазақстан азаматы болып саналмайтын бас бапкерлердің қызмет атқаруына қойылған шектеуді қайта алып тастау. Ал, бас бапкерлердің көмекшілеріне қойылған талапты өз күшінде қалдыру.

- ҚР кәсіпқой футбол клубтарының арасындағы доп додаларының құрылымы бекітілді.

- ҚР кәсіпқой футбол клубтарының арасындағы 2015 жылғы маусымның қорытындысы бекітілді.

- «Футбол орталығы туралы ереже» бекітілді.

- 2016 жылы кәсіпқой футбол клубтар арасындағы додаларда қызмет атқаратын төрешілер мен нұсқаушылардың нақты тізімі бекітілді.

- Атқарушы Комитеттің шешімі қабылданды (бекітілді).

- Футзал мен әйелдер футболы бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстардыың есеп-қисаптары бекітілді.

- Чемпионатқа қатысушы клубтардың құрылымында бір футзал командасы және бір әйелдер командасы болуды міндейттін талап бекітілді. Бұл ереже 2017 жылдан бастап ұсыныстық сипатқа ие болады. Ал, 2018 жылдан бастап міндетті түрде талап етіледі.


Тізімге қайта оралу