|   |   |  Дарко Несторович: Қазақстан жастары – қарымды қарсылас

Дарко Несторович: Қазақстан жастары – қарымды қарсылас

Дарко Несторович: Қазақстан жастары – қарымды қарсылас
Фото kff.kz сайтынан

Босния және Герцеговина елінің жастар арасындағы құрамасын баптайтын Дарко Несторович те ертеңгі матч қарсаңындағы баспасөз жиынында Қазақстан  журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

Еуропа чемпионатының електік додасында сіздерге қандай мақсат қойылды?

– Бізге «бірінші, екінші немесе үшінші орын алуға міндеттісіңдер» деп, нақты мақсат қойылған жоқ. Біздің мақсатымыз – талантты жастарымызды халықаралық додада шыңдап, өз уақыттары келгенде ұлттық құрамамыздың сапына ауысатын футболшылар дайындау.

Сіздердің алаңдарыңызда өткен бірінші ойында Қазақстан жастары сапынан кім ұнады? Қай ойыншымыз сіздің есіңізде қалды?

– Сараевадода өткен бірінші ойында маған Максим Федин ұнады. Мен оны сіздердің құрамаларыңыздағы үздік ойыншы деп ойлаймын. Ол өте жақсы ойнады (өткен жылғы күзде өткен ойында біздің құрама 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын).

Қазақстан жастары сапында біраз ойыншы жарақаттанып қалып, ертең жасыл алаңға шыға алмайтын болып отыр. Енді сіздерге оңайырақ болады деп ойлайсыз ба?

– Қазақстан құрамасы сапында біраз ойыншының қатардан шығып қалғандығын сізден естіп отырмын. Бұл – мен үшін тосын сый. Әйтсе де, Қазақстан жастар құрамасын өте азулы құрама деп есептеймін. Олар өте жақсы ойнайды. Ал ертең жарақат алып қалған ойыншылардың орындарына шығатын футболшылар да олардан кем түспейді.

Бірінші ойында Қазақстан жастарын бағаламай, опық жеп қалдыңыздар ма?

– Жо-жоқ! Бұл мүмкін емес. Қазақстан құрамасы Сараевода өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті. Олар жеңіске лайықты деңгейде ойнады.

Ертең жеңіліп қалсаңыздар да, қапаланбайтын сияқтысыздар ма дейміз. Басшыларыңыз ешқандай да реніш білдірмей ме?

– Жеңіліп қалсақ, бұл біз үшін орны толмас уайым емес. Бірақ алаңға «ұтыламыз» деп шықпаймыз, әрине.

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының финалдық додасына шығып, көпшілікті таңдандырды. Өз қарамағыңыздағы жігіттер де осындай ерен жетістікке қол жеткізе алады деп ойлайсыз ба?

– Әрине. Бәрі де өз қолымызда...

Тізімге қайта оралу