|   |  Сұхбат

Сұхбат

  • Станимир Стойлов – Біз "Янг Бойздың" ығына жығылмаймыз

    Бүгін Швейцария астанасы «Бернде» ел чемпионы «Астана» осы маусымдағы соңғы ойынын өткізеді. Қарсыласымыз – жергілікті «Янг Бойз». Аталмыш кездесудің қарсаңында қазақ командасының бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз мәслихатын өткізіп, осы ойынға дайындығы туралы айтып берді.

  • Исламбек Қуат – Бауыржан Исламханға Еуропа чемпионаттарына кету керек

    Соңғы үш маусымды Алматының «Қайратында» өткізген Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат бүгінде қысқы демалысын өзінің туған қаласы Астанада өткізіп жүр. Бәзбіреулер секілді шетел аралап, жағажай жайлап жүрген жоқ, отбасының қасында. Тіпті, спорттық бабын ұстап тұру үшін елордамыздың әуесқой командаларының бірінің сапында қала біріншілігіне тіркеліпті. Кеше Астана Суперкубогына қатысып, бір гол соқты, ойыннан кейінгі пенальти сериясында да нүктеден мүлт кеткен жоқ. Ал марапаттау рәсімінде Ұйымдастыру комитеті Исламбекті матчтың үздік ойыншысы деп таныды. Кездесуден кейін жартылай қорғаушымен сұхбаттасудың сәті түсті.

  • Серікжан Мужиков – Клубтарымыз қаншалықты қарымды болса, ұлттық құрамамыз да соншалықты мықты болмақ

    Өткен маусымның үздік ойыншыларының бірі – «астаналық» Серікжан Мужиков. Жартылай қорғаушы ішкі чемпионат пен еурокубок ойындарында ғана емес, ұлттық құрамамызды да өрге сүйреп, команданың көшбасшысы бола білді. Қаратау құрамасының бас бапкерінің өзін сескендірген футболшымен елордалық клубтың баспасөз қызметі сұхбат дайындаған екен. Соның үзіндісін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

  • Станимир Стойлов – Біз бұл футболшылармен мақтануымыз қажет

    «Астана» – «Апоэл» кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер алаң иелерінің бас бапкері Станимир Стойловты ду қол шапалақпен күтіп алды. Өз кезегінде болгар маманы соңғы турда да жеңіске жетуге тырысатындықтарын айтты.

  • "Апоэл" ФК бас бапкері Томас Кристиансен – Қызыл қағаз болмағанда жеңіске жетер едік

    «Апоэл» футбол клубының бас бапкері Томас Кристиансеннің айтуынша, бүгін кипрліктер кем құрамда ойнағаны үшін ғана жеңілді. Егер ойыншысы алаңнан қуылмағанда, онда жеңіске жетіп те кетуі мүмкін екен. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қонақтардың бас бапкері Томас Кристиансен осылай деді.

  • Томас Кристиансен – Астананың ойыншыларынан емес, аязынан сескенеміз

    «Апоэл» командасының бас бапкері Томас Кристиансеннің айтуынша, ертеңгі ойында кипрліктерге елордамыздың суықтығы кесірін тигізуі мүмкін. Олар біздің ойыншылардан емес, Астананың аязынан сескенеді.

  • Станимир Стойлов – Қазіргі "Астанада" екінші Жолшиев жоқ, нені меңзегенімді түсінген шығарсыздар

    Ертең «Астана» Еуропа лигасының аясында өз алаңындағы соңғы ойынын өткізеді. Матч қарсаңында елордалықтардың бас бапкері журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

  • Константин Котов – Дания - Қазақстан ойыны футболшыларымыз үшін Еуропаға кетудің соңғы мүмкіндігі

    Бүгін түн ауа футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасының аясында Копенгагенде Даниямен кездеседі. Матч қарсаңында ұлттық құрамамыздың бұрынғы ойыншысы Константин Котовпен сұхбаттасып, сарапшы ретіндегі пікірлерін білген едік.

  • Бердібек Сапарбаев – Васильев "Ақтөбеден" кетуі керек

    Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қателігін түсінген секілді. «Васильев менің сенімімді ақтаған жоқ» деп сұхбат берген аймақ басшысы «Ақтөбе» футбол клубының директоры қызметінен кетуі тиіс деп есептейді.

  • Әміржан Мұқанов – Қазақстан құрамасы бапкерлікке шақырған жоқ, енді қырғыз футзалын дамытамын

    Қазақ футзалының отымен кіріп, күлімен шыққан, ең қиын кезеңдерде ұлттық құрамамызды жаттықтырып, әлем чемпионатына апармаса да, біраз биіктерді бағындырған Әміржан Мұқанов жақында Қырғызстан ұлттық құрамасымен келісімшарт жасасты. Қазаққа сыймаған білікті бапкеріміз енді қырғыз футзалын дамытуға атсалысатын болады.

  • Андрей Карпович – "Алтай" бір күндік команда емес екенін дәлелдеді

    Бұл Андрей Карповичтің кәсіпқой футболдағы соңғы ойыны дегенді естіп, «Алтай» – «Тараз» кездесуінен кейін шығыстық команданың капитанын іздеп бардық. Мәскеуге ұшуға дайындалып, шабаданын жинап жүр екен. Біраз әңгімелестік. Футболдан кету жайлы нақты шешімге келмепті. Шамасы, «Алтаймен» бірге Премьер-лигада ойнағысы келетін сияқты. Алайда, алдымен «Таразбен» болған матч жайлы сұрадық.

  • Борис Глушков – "Алтай" енді Премьер-лигада да атой салады

    Биыл ғана құрылған «Алтай» алдарына өр мақсат қоя білетін команда екендіктерін дәлелдеп келеді. Қазақстан футбол федерациясының өзін тізе бүктірген клуб үшін бүгін «Таразды» ұту еш қиындық тудырмады. Енді келесі жылы шығыстықтар Премьер-лигада атой салады. Бас бапкердің міндетін атқарушы Борис Глушков осылай дейді.

  • "Тараз" ФК жаттықтырушысы Сергей Тагиев – Премьер-лигада 16 команда болуы қажет

    Жеңілдің бе, мойныңмен көтер. Көңіл күйім болмай тұр деп өзінің орныңа көмекшісін жіберу әлсіздерге ғана тән. Айлық аларда «менің орныма сен ала салшы» деп айтпайсың ғой. Ендеше неге сенің орныңа ассистентің жауап беруі тиіс. «Тараз» – «Алтай» матчынан кейін бас бапкер Юрий Максимов өзінің орнына баспасөз мәслихатына көмекшісі Сергей Тагиевті жіберді.

  • "Олимпиакос" бас бапкері Паулу Бенту – "Астананың" әлі де топтан шығатын мүмкіндігі бар

    «Олимпиакостың» бас бапкері Паулу Бенту риза емес. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «жеңуіміз керек еді», - деп бармақ тістеп отыр. Тіпті, таблодағы есепті әділетсіздік деп айтып өтті.

  • Станимир Стойлов – "Астана" әбден шаршаған

    «Астананың» қазір бары да, нары да осы. Мейлі бір ұпайға қуаныңыз, мейлі екі ұпай жоғалтқанымыз үшін өкініңіз, бірақ елордалық команданың бүгінгі әлеуеті осы. Бұдан артыққа дәл қазір шамамыз жетпейді. Мұндай пікірмен клубтың бас бапкері Станимир Стойлов та келіседі.

  • Паулу Бенту – Біз "Атлетико" емеспіз, "Астананы" жеңуге шамамыз жетеді

    Кезінде Криштиану Роналду бастаған Португалия ұлттық құрамасын жаттықтырып, пиренейліктерді әлем чемпионатына ертіп барған бас бапкер Паулу Бенту бүгінде гректердің «Олимпиакосын» баптайды. «Астана-Аренада» қазақ журналистеріне сұхбат берген маман ертеңгі матчта да жеңіске жеткісі келетінін жасырмады.

  • Станимир Стойлов – "Олимпиакосқа" қарсы ойынға 10-ақ футболшым қалды

    Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында өтетін "Астана" – "Олимпиакос" кездесуінің қарсаңында елордалықтардың бас бапкері Станимир Стойлов журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, біраз қызықты мәселелерді көтерді.

Беттер: 1 2 3 4 5 Келесі Барлық