|   |   |  Астана футболының энциклопедиясы (Һ – Ш)

Астана футболының энциклопедиясы (Һ – Ш)

Астана футболының энциклопедиясы (Һ – Ш)

Астана футбол федерациясы жас ұрпақты футбол өнеріне баулуға айрықша көңіл бөліп келеді. Мұны біздің қысқаша "энциклопедиямыздан" да байқауға болады. Бүгін "Һ" және "Ш" әріпітері аралығынан тоқтала кетпекпіз.

Һ

Һәм

Футбол һәм жанкүйер.

Астана футболында стадионға жанкүйер ең көп жиналған ойын Еурокубок додалары аясындағы матчтар болып тұр. Әзірше үздік үштік төмендегідей:

1. «Астана» – АПОЭЛ (Кипр), «Астана Арена», 30 000 көрермен;
2. «Шахтёр» (Қарағанды) – «Селтик» (Шотландия), «Астана Арена» 29 950;
3. «Астана» – «Атлетико» (Испания), «Астана Арена», 29 231.


Ц

«Целинник»

«Целинник» (1975-1993, 1996-1997 жж) және «Цесна» (1994-1995 жж) деген клубтар ел чемпионатында Астананың намысын қорғаған.

1964-1975 – "Динамо" (Целиноград)
1975-1992 – "Целинник" (Целиноград)
1992-1994 – "Целинник" (Ақмола)
1994-1996 – "Цесна" (Ақмола)
1996-1997 – "Целинник" (Ақмола)
1997-1998 – "Астана" (Ақмола)
1998-1999 – "Астана" (Астана)
1999-2006 – "Жеңіс" (Астана)
2006-2009 – "Астана" (Астана)
2009-2010 – "Намыс" (Астана)
2010 ж. бастап – "Астана-1964"

Ч

Численко Игорь Леонидович (4.01.1939 – 22.09.1994)

Кеңес Одағының көпшілікке танымал бесаспап шабуылшыларының бірі. 1971 жылы «Динамо» (Целиноград) клубында ойнаушы-жаттықтырушы болған. Численко КСРО құрамасы сапында 53 ойын өткізіп, 20 гол соққан (1959 – 1968 жж). 1964 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. 1962 және 1966 жылдары әлем чемпионатында ойнаған. Әрі Англияда өткен сегізінші әлем чемпионатында КСРО құрамасы сапында қола жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға ие болған. 1970 жылға дейін Мәскеудің «Динамосында» ойнаған. Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы (1959, 1963 жж). КСРО кубогының иегері (1967 жыл).

Численко қыста қол қусырып бос отырмай, допты хоккейден деңгейі жоғары КСРО чемпионатында өнер көрсеткен. 1957-1962 жылдары «Динамо» (Мәскеу) сапында 79 ойын өткізіп, 40 гол соққан. 1961 жылы КСРО чемпионы болып, 1959 жылы күміс, ал 1960 жылы қола жүлдегер атанған.

Ш

Шәкірт тәрбиелеу

Астана футбол федерациясының басты бағыттарының бірі – балалар футболы. Балаларды футболға – тарту, теңбіл доп өнеріне – баулу. 2015 жылдың мамыр айында Астана футбол федерациясында "Балалар футбол орталығы" ашылып, онда жас бүлдіршіндер тәрбиеленіп жүр.

Әлбетте, бала біткеннің бәрінің футболға қабілеті зор, талантты бола бермейді. Бірақ Астана футбол федерациясының БФО (Балалар футболы орталығы) балаларды бөлмейді. Бәріне де футбол ойнауды үйретуді жөн санайды. Басқа да спорт түрлеріндегідей, футболда да тұрақты жаттығулардың, табандылық пен қайсарлықтың арқасында үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.

БФО міндеті мен мақсаты – жас таланттардың бағын ашып, үлкен футболға жол ашу. Ал қалған жеткіншектерді футбол ойнауға үйретіп, компьютер ойындарына әуестенуден және қоғамға жат қылықты ортаға түсіп қетуден сақтау, айналасындағылармен тіл табысуды және ұжымдық ортамен жұмыс жасауды үйрету. Мұның бәрі футболшы болмаса да, ертеңгі күні жас ұрпақтың өміріне қажет болады.

Қысқаша энциклопедиямыздың алдағы бөлімдерімен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар: Бірінші бөлім. Екінші бөлім. Үшінші бөлім. Төртінші бөлім. Бесінші бөлім. Алтыншы бөлім. Соңы бар...

Тізімге қайта оралу