|   |   |  Астана футболының энциклопедиясы (Ө – Т)

Астана футболының энциклопедиясы (Ө – Т)

Астана футболының энциклопедиясы (Ө – Т)
Фото футбол фанатарының Әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Ақмола футболының өткен күндерінде де тарихи тұлғалар қалдырған "іздер" жеткілікті. Мұны өзіміз құрастырған Астана аяқдобының қысқаша "энциклопедиясынан" байқай аласыздар. Бүгін "Ө" әріпінен "Т" қаріпіне дейінгі аралықты қамтып отырмыз.

Ө

Өтемақы

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының 2015/2016 жылдар маусымында 16 700 000 евро ақша тапты. 12 млн еуро Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін, 2 млн еуро топтық кезеңде төрт рет тең түскені үшін, 2 млн еуро плей-оффта ойнағаны үшін, ал 700 мың еуро алғашқы екі електік сыннан өткені үшін аударылады.

Бірақ бұл соманың әлі де өсуі мүмкін. Маркетингтік құқықтарды жүзеге асырудан (телетаратылымдар, атрибутикалар және т.б. сатудан) «Астана» клубына да бонустар бұйыруы әбден мүмкін. Ал бұл Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталып, қорытындысы толық шығарылған соң белгілі болады (маусым айында).

П


Плотников Геннадий Иванович (1937 – 19.12.2012)

Футболдан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Целиноград футболын дамытуға елеулі үлес қосқан маман. 1970 жылдан 1985 жылға дейін, сондай-ақ 1991 жылы «Динамо» және «Целинник» командаларында еңбек еткен. Жаттықтырушы да, команда басшысы да болған. 1999 жылы «Наша компания» командасының бапкері болды.

1984 жылы «Целинник» дәл осы бапкердің жетекшілік етуімен КСРО чемпионатының ІІ-лигасындағы 8-аймақта жеңімпаз атанған болатын. 2012 жылы 75 жасында қайтыс болды.

Р

Ру

Футболда руға бөліну жоқ! Қазақта руға бөлінбейтіндердің бірі – футбол...

Өз кезегінде, ФИФА мен УЕФА да Расизмге жол бермейді. Яғни футболда адамдарды нәсіліне, түсіне, дініне және басқадай теңсіздіктеріне қарап бөлу (бөліну) жоқ.

С

Старостин Николай Петрович (26.02.1902 – 17.02.1996)

Кеңес футболының көрнекті тұлғасы Николай Старостин Ақмола футболына да біраз еңбек сіңірген. Қазақ топырағына бес жылға жер аударылған тарихи тұлға 1951 жылдың көктемінен бастап 1952 жылдың қоңыр күзіне дейін Ақмолада болған. Қорғалжың ауданына баруы керек болса да, спортшылардың өтінішімен Ақмолада қалдырылған деседі. Футбол мен допты хоккейден жергілікті «Динамо», «Локомотив», «Спартак», «Трактор» командаларын жаттықтырған.

Т

Тәшенов Сәлім Манапұлы (12.12.1956 – 31.12.2007)

«Целинниктің» бойтұмары болған футболшы. КСРО чемпионаттары аясындағы ресми ойындарда «Целинник» сапында 498 матч өткізіп, 118 гол соққан.


Қысқаша энциклопедиямыздың алдағы бөлімдерімен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар: Бірінші бөлім. Екінші бөлім. Үшінші бөлім. Төртінші бөлім. Жалғасы бар...

Тізімге қайта оралу