|   |   |  Астана футболының энциклопедиясы (Қ – О)

Астана футболының энциклопедиясы (Қ – О)

Астана футболының энциклопедиясы (Қ – О)
Фото fcastana64.kz сайтынан

Тарих қатпарларын ақтарып, Астана футболының өзіміз құрастырған қысқаша "энциклопедиясының" төртінші бөлімін жариялап отырмыз. Бүгін "Қ" әріпінен "О" қаріпіне дейінгі аралықты қамтымақпыз.

Қ

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион

1986 жылдан бері даңқты бабамыздың есімімен аталады. Негізі бұл стадион 1936 жылы салынған. 1998 жылы қайта өңдеуден өткен. Киелі стадионның бұған дейінгі атаулары:

«Локомотив» (1938-1951), «Искра», «Буревестник», «Еңбек», «Торпедо» (1951-1964), «Динамо» ДСҚ (1964-1974), «Энергия» (1975-1986).

Л

Лашын Аймағамбетов

Астана қалалық футбол федерациясының президенті – Лашын Аймағамбетов.

М

Мартьян Георгий Маркович (7.08.1948)

КСРО тұсындағы Астана футболы тарихында ең көп гол соққан ойыншы. 1976-1983 жылдары «Целинниктің» намысын қорғап, КСРО чемпионаттарында (ІІ-лигада) 226 ойын өткізіп, 152 гол соққан.

Георгий Мартьян – бір маусымда кем дегенде 10 голдан соғып отырған нағыз сұрмерген. Оның есебінде осындай 11 маусым бар. КСРО футболының барлық эшелондарындағы (лигаларындағы) сұрмергендер тізімінде ол 10-орында, тіпті О.Блохиннің өзінен бес саты жоғары тұр.

Кейіннен Германияға көшіп кеткен.

Н

«Намыс»

2009 жылы Астана футбол клубы осылай аталды. «Намыс» аталған жылы ел чемпионатының І-лигасында додаға түсіп, үшінші орынмен шектелген болатын.

ң

«ЖеҢіс» деген клуб болған (1999-2005). Бірақ қазір Астанада бұл команда да жоқ, қазақ әліпбиінде «ң» қаріпінің бас әріпі де жоқ...

О

Орден

2015 жылдың аяғында, нақтырақ айтқанда, Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана футболының көрнекті тұлғалары мемелекет тарапынан марапатталып, жоғары сый-құрметке ие болды. Атап айтқанда, «Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов «Құрмет» орденімен марапатталса, «Астана» ПКСК (Президенттік кәсіби спорт клубы) Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дархан Қалетаев «Парасат» орденін өңірінде жарқыратты. Сондай-ақ, «Астана» футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталды.


Қысқаша энциклопедиямыздың алдағы бөлімдерімен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар: Бірінші бөлім. Екінші бөлімҮшінші бөлім. Жалғасы бар...

Тізімге қайта оралу