|   |   |  Астана футболының энциклопедиясы (Ғ – Е)

Астана футболының энциклопедиясы (Ғ – Е)

Астана футболының энциклопедиясы (Ғ – Е)
2014 жылғы "Ғасыр матчынан" көрініс. Фото fca.kz сайтынан.

Астана футболының өзіміз құрастырған қысқаша "энциклопедиясын" одан әрі жалғастырып, елорда аяқдобының тарихын ақтарып көрейік. Бүгін "Ғ" әріпінен "Е" қаріпіне дейін тоқталып өтпекпіз.

Ғ

«Ғасыр матчтары»

Бәлкім, асыра сілтеді дерсіздер. Бірақ «Астана» брендіне таласқан екі команда арасындағы кездесулер елорда футболы үшін «Ғасыр матчтары» іспетті болған. Елорданың аттас екі командасы ел ішінде екі рет кездесті:

Қазақстан кубогы – 2012. 1/16-финалы

«Астана-1964» – «Астана» – 0:1
Гол: Гридин, 62.
«Астана-1964»: Шацкий, Дубынин, Черемных, Коне, Мангуткин, Ыбыраев, Исқұлов, Рсалин (Гончаров, 70), Ахмеев (Чапанов 72), Бильдинов (Иванов, 78), Сыдықбек.

«Астана»: Эрич, Петрониевич (Нөсербаев, 80), Мұхтаров, Рожков, Горячий, Дмитренко, Шахметов, Кетевоама, Прокопенко, Остапенко Алиев (Гридин, 46).

16 мамыр. Астана. Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион. 4 000 көрермен

* * *

Қазақстан кубогы – 2014. 1/8-финалы

«Астана» – «Астана-1964» – 1:0

Гол: Остапенко, 61.

«Астана»: Логиновский, Е.Ахметов, Дмитренко, Постников, Горячий, Мұжықов (Ли, 87), Шахметов, Қуат, Жолшиев (Кояшевич, 64), Брессан (Курдов, 65), Остапенко.
«Астана-1964»: Исламқұлов, Төкенов, Коне, Шубаев, Әубәкіров, Сыдықбек, Гончаров (Рсалин, 62), Исқұлов, Алекперзаде (Серікжанов, 72), Прокопенко, Седько.
14 мамыр. Астана. "Астана Арена". 1200 көрермен.

Д

«Динамо» командасы

«Динамо» – әу бастағы Ақмола өңіріндегі футбол клубы. Негізі, 1925 жылы еліміздің төрт қаласында (оның бірі Ақмолада) «Динамо» спорт қоғамы ашылған. Әйтсе де, Ақмола өңірінің футбол командасы 1957 жылдан бері осылай аталған. Бірақ 1964 жылы ғана кәсіби мәртебеге ие болып, дәл осы жылдың ақпан айында КСРО спорт комитетінде тіркелген.

Е

Еурокубоктар

Астана қаласының екі клубы Еурододаларда бақ сынау құқығына ие болған. Әр жылдары УЕФА додаларында сынға түскен клубтарымыздың көрсеткіштері төмендегідей:

«Астана-1964»

Маусым

Еуродода

Раунд

Қарсыласы

Ойын нәтижесі

2002/2003

Чемпиондар лигасы

І-електік саты

«Шериф» (Молдова)

1:2 және 3:2*

2003/2004

УЕФА кубогы

І-електік саты

«Виктория» (Чехия)

0:3 және 1:3

2007/2008

Чемпиондар лигасы

І-електік саты

«Олимпи» (Грузия)

0:0 және 3:0

ІІ-електік саты

«Русенборг» (Норвегия)

1:3 және 1:7

 

«Астана»

Маусым

Еуродода

Раунд

Қарсыласы

Ойын нәтижесі

2013/2014

Еуропа лигасы

І-електік саты

«Ботев» (Болгария)

0:1 және 0:5

2014/2015

Еуропа лигасы

І-електік саты

«Пюник» (Армения)

4:1 және 2:0

ІІ-електік саты

«Хапоэль» (Израиль)

3:0 және 0:1

ІІІ-електік саты

АИК (Швеция)

1:1 және 3:0

Плей-офф

«Вильярреал» (Испания)

0:3 және 0:4

2015/2016

Чемпиондар лигасы

ІІ-електік саты

«Марибор» (Словения)

0:1 және 3:1

ІІІ-електік саты

ХИК (Финляндия)

0:0 және 4:3

Плей-офф

АПОЭЛ (Кипр)

1:0 және 1:1

«С» тобы

«Бенфика» (Португалия)

0:2 және 2:2

«С» тобы

«Атлетико» (Испания)

0:4 және 0:0

«С» тобы

«Галатасарай» (Түркия)

2:2 және 1:1

Ескерту: 3:2 – Астана қаласы клубтарының өз алаңында өткізген ойындары нәтижелерінің асты сызылған.

Екінші бөлімі. Басы мына жерде. Жалғасы бар...

Тізімге қайта оралу