Главная страница
 |   |   |   |  «Қайрат» футзал клубы – Какау кетіп, Кака келеді

«Қайрат» футзал клубы – Какау кетіп, Кака келеді

«Қайрат» футзал клубы – Какау кетіп, Кака келеді
Фото: mfkgazprom-ugra.ru

Бүгін «Қайрат» шағын футбол клубының басшылығы бас бапкері ауысатындығын ресми түрде жариялады.

Жалпы командалық жиналыста клуб президенті Қайрат Оразбеков 2017/201/ жылдар маусымының соңында бас бапкер Какаудың келісімшарты мерзімі түгесілетіндігін мәлімдеген. Әрі жаңа бас бапкер Бразилия маманы Кака болатындығын жариялаған.

Қазір бұл маман, яғни Кака (толық аты-жөні – Пауло Рикардо Фигейро Силва) Ресейдің «Газпром-Югра» клубын жаттықтырады. Ресей чемпионаты аяқталған соң қазіргі қызметінен кетіп, 2018/2019 жылдар маусымынан бастап Алматының «Қайратын» жаттықтырады екен. Наурыз айының аяғында ресми түрде бас бапкер болып таныстырылатын көрінеді.

Бір қызығы, Кака 2012 жылы Әзірбайжан азаматығын алып, футзалдан осы елдің ұлттық құрамасы сапында ойнаған. Негізі, 1977 жылы 4 наурызда Бразилияның Сержипи штатындағы Аракажу қаласында дүниеге келген. Бас бапкер ретінде «Газпром-Югра» клубымен екі рет Ресей кубогында топ жарып (2012 және 2016 жылдары), 2014/2015 жылдар маусымында Ресейдің чемпионы атанған. Ал 2015/2016 жылдар маусымында УЕФА кубогын жеңіп алған.  

Ал Какау «Қайратты» 2013 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы бес жылдың ішінде Алматы клубы екі рет УЕФА кубогын жеңіп алып, әлем Суперкубогын да иеленген. Төрт рет Еременко кубогында теңдессіз танылған. Бес рет Қазақстан чемпионы атанып, тура осынша бес мәрте ел кубогын де еншілеген.

Возврат к списку