Главная страница
 |   |   |  Биылғы УЕФА кубогы жылдағыдан өзгеше

Биылғы УЕФА кубогы жылдағыдан өзгеше

Биылғы УЕФА кубогы жылдағыдан өзгеше
Жеребе тартылды. Фото: uefa.com

Футзалдан УЕФА кубогының жеребесі тартылып, «Қайраттың» алғашқы електегі қарсыластары анықталды.

Футзалдан биылғы УЕФА кубогында өзгерістер бар. Енді ешбір клуб финалдық додаға тікелей шықпайды. Бәрі де електік додаларға қатысады. Әрі «Төртеу финалына» аталмыш Еурокубокқа қатысушылар екі жолмен іріктеледі – А және В.

Футзалдан УЕФА-ның клубтық рейтингісінде 12-15 орындарда тұрған және 20-сыншы орыннан төмен орналасқан командалар «В жолымен» іріктеледі. Әуелі деңгейлері төмендері  «Електік сатыда» бақ сынайды. 22-27 тамыз күндері төрт командадан сегіз топқа бөлініп, додаға түседі. Әр топтың жеңімпаздары келесі кезеңге өтеді.

Әлгі сегіз топтан суырылып шыққандарды келесі кезеңде тура сонша команда тосып тұр. Осы 16 клуб төрт топқа тең бөлініп, ширек финалдық сатыға шығу құқығын сарапқа салады. Мұнда да әр топтың жеңімпаздары УЕФА кубогын одан әрі жалғастыру мүмкіндігіне ие болып, жартылай финалдық (элиталық) кезеңге шығады.

«А жолымен» футзалдан УЕФА-ның клубтық рейтингісінде 1-11 және 16-19 орындарда тұрған командалар сұрыпталады. «Қайрат» – осы 16 команданың қатарында. Бұлар өткен жексенбіде жеребе тарту арқылы төрт топқа бөлінді. Жартылай финалдық (элиталық) кезеңге әр топтан үш командадан шығады.

Алматының «Қайраты» 1-топқа түсті. Қарсыластары – «Динамо» (Мәскеу, Ресей), «Пескара» (Италия) және «Сталица» (Беларусь) клубтары. Бұл төрттіктегі командалар 10-15 қазан күндері Минскіде додаға түседі.

Сонда жартылай финалдық кезеңге 16 команда екі жолмен іріктеледі. «А жолымен» 12 команда, ал «В жолымен» төрт команда екшеліп шығады. Әрі қарай – жылдағыдай. Осы 16 команда төрт топқа бөлініп додаға түседі. Әр топтың жеңімпаздары «Төртеу финалына» шығады.

Тізімге қайта оралу