|   |   |  Қазақстан құрамасының қақпашысы әлемде теңдессіз таныла ма?

Қазақстан құрамасының қақпашысы әлемде теңдессіз таныла ма?

Қазақстан құрамасының қақпашысы әлемде теңдессіз таныла ма?
Фото uefa.com сайтынан

Футзалдан Алматының «Қайраты» мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін.

Futsalplanet әлемнің үздік қақпашысы атағынан үміткер голкиперлер тізімін жариялады. Олардың арасында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита да бар (Тізім futsalplanet.com сайтынан алынды).

Өздеріңіз білесіздер, Игита биыл ақпан айында Сербияда өткен Еуропа чемпионатында төрткүл дүниені өз өнеріне тәнті қылып, Қазақстан құрамасының қола медаль олжалауына сүбелі үлес қосқан болатын. 

Әрі «Қайрат» клубы сапында екі мәрте УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. Алматы клубы сапында Еременко кубогын да екі рет жеңіп алды. Басқа да жетістіктері – жетерлік.

Игитадан бөлек, Futsalplanet жариялаған тізімге мына қақпашылар еніпті:

Миодраг Аксентьевич («Тұлпар», «Тюмень»), Рамос Родольфо («Бразил Кирин»), Хесус Херерро («МовистарИнтер»), Густаво («Динамо»), Хуан Молина («Аспил Видал»), Николас Сармиенто («Ривер Плейт», «Пальма Футзал»), Стефано Маммарела («Асква & Сапоне»), Мехди Мостафей («Тасисат Дарайей»), Франциско «Пако Седано» Антолин («Барселона»).

Тізімге қайта оралу