|   |   |  Польша футзалшыларымен додаға түсетін Қазақстан құрамасының сапы

Польша футзалшыларымен додаға түсетін Қазақстан құрамасының сапы

Польша футзалшыларымен додаға түсетін Қазақстан құрамасының сапы
Фото kairat-futsal.kz сайтынан

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ХІІІ әлем чемпионатының жеті жолдамасының бірін Польша футзалшыларымен сарапқа салады.

Бүгін екі ойынның біріншісі поляк жерінде өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау бұл ойынға Сербияда өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген айбынды құраммен аттанды десек те болады.

Тек жарақатынан әлі айығып кете алмаған Шыңғыс Есенаманов қатарда жоқ. Оның орнына жақында ғана аяқталған Еременко кубогында көзге түскен, «Астана-Тұлпар» командасының ойыншысы Илья Мун шақыртылған.

Сонымен, бүгінгі матчта ел намысын мына футзалшыларымыз қорғайды:

қақпашылар – Игита, Шамро;

алаңдағы ойыншылар – Жаманқұлов, Дуглас, Лео, Довгань, Сүлейменов, Нұрғожин, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Першин, Таку, Мун.

Қарымта матч 12 сәуір күні қазақ топырағында өтеді. Осы екі матчтың қорытындысы бойынша басым түскен құрама 4 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтетін әлем чемпионатына барады.

Естеріңізге сала кетейік, Польша – Қазақстан құрамаларынан бөлек Еуропаға бөлінген қалған жолдамаларды төмендегі жұптардағы ұлттық құрамалар сарапқа салады:

Словения – Испания

Словакия – Украина

Сербия – Португалия

Беларусь – Ресей

Нидерланд – Әзірбайжан

Венгрия – Италия

Тізімге қайта оралу