|   |   |  Жартылай финалдық екі жұпта да – Қазақстан және Ресей

Жартылай финалдық екі жұпта да – Қазақстан және Ресей

Жартылай финалдық екі жұпта да – Қазақстан және Ресей
Фото amfr.ru сайтынан

Бүгін Еременко кубогының топтық ойындары тәмамдалды. Әрі жартылай финалда Қазақстан клубтарымен кездесетін командалар анықталды.

«Қайрат» пен «Астана-Тұлпар» өз топтарындағы екі қарсыластыран да ұтып, бірінші орынға ие болған. Бүгін топтық кезеңнің үшінші күнгі ойындары өтіп, жартылай финалда бақ сынайтын тағы екі команда анықталады.

Нақтырақ айтқанда, бүгінгі ойындар төмендегідей нәтижелермен аяқталды:

«Тюмень» (Ресей) – «Норильский Никель» (Ресей) – 5:0

«Синара» (Ресей) – «Никарс» (Латвия) – 6:2

Сөйтіп, топтық ойындардың қорытындысы да шығарылды:

«А» тобы:

1. «Астана-Тұлпар» (Қазақстан) 2 2 0 0 10-6 6

2. «Синара» (Ресей) 2 1 0 1 9-7 3

3. «Никарс» (Латвия) 2 0 0 2 5-11 0

«В» тобы:

1. «Қайрат» (Қазақстан) 2 2 0 0 14-8 6

2. «Тюмень» (Ресей) 2 1 0 1 10-9 3

3. «Норильский Никель» (Ресей) 2 0 0 2 3-10 0

Ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. Екі жұпта да Қазақстан және Ресей клубтары додаға түседі. Жеңгендері финалға шығып, жеңіліп қалғандары ІІІ-орынды сарапқа салады.

І. «Астана-Тұлпар» (Қазақстан) – «Тюмень» (Ресей)

ІІ. «Қайрат» (Қазақстан) – «Синара» (Ресей)

Тізімге қайта оралу