|   |   |  Жазғы трансфер кезеңінің елең еткізер жаңалықтары

Жазғы трансфер кезеңінің елең еткізер жаңалықтары

Жазғы трансфер кезеңінің елең еткізер жаңалықтары
Еркебұлан Нұрғалиев Болгарияның «Верея» клубына ауысты. Фото: okzhetpes.kz

Биыл Қазақстан чемпионатында жазғы трансфер кезеңі 13 маусымында ашылып, 10 шілде күні жабылады.

Рас, бірақ кейбір клубтар жаңа футболшыларын 10 шілде өтіп кеткеннен кейін де жариялап жатты. Мәселен, «Оқжетпес» ресейлік Матвай Матвеевпен келісімшартқа отырғандарын 13 шілде күні жарияласа, «Ақтөбе» словак Кристиан Колчакпен еңбек келісіміне қол қойғандарын кеше ғана ресми түрде мәлімдеді...

Әлі де ауыс-түйістер бола ма, жоқ па, оны кесіп айта алмаймыз. Әйтсе де, бүгінге дейінгі өзгерістерді бір шолып шығып, елді елең еткізерлік бірнешеуін тізіп шыққанды жөн көрдік.

1) «Қазақ футболшылары өз чемпионатымыздан аттап баспайды, үйден шықпайтын болып алды», – деуші едік, Еркебұлан Нұрғалиев бұл “қағиданы” бұзды. «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Болгарияның жоғарғы дивизионында ойнайтын «Верея» клубына ауысты. Қазір бұл команданың бас бапкері – Илиан Илиев. Иә, иә маусым аралығында «Алтайдың» бас бапкері болып бекітілген маман. Еркебұланды шақыртып отырған осы жаттықтырушы екен.

2) Немістің әйгілі transfermarkt.de сайтының деректеріне сүйенсек, Қазақстан премьер-лигасына жазда келген легионерлердің ішіндегі ең қымбаты, бағалысы – Хорватияның жартылай қорғаушысы Марин Томасов. Оның аталаған басылымдағы трансферлік бағасы – 2 (екі) миллион еуро. Бұған дейін жариялағанымыздай, бұл ойыншыны «Астана» футбол клубы бір жылға жалға алды.

3) Жазғы трансфер кезінде құрамын едәуір өзгерткен командалар:

  • «Ақтөбе» – 11 футболшы келді, 11 футболшы кетті;
  • «Оқжетпес» – 10 футболшы келді, 9 футболшы кетті;
  • «Тобыл» – 8 футболшы келді, 9 футболшы кетті.

4) Жазғы трансфер кезінде құрамын көп өзгертпеген командалар:

  • «Қайрат» – ресми түрде 1 футболшы келді, ешкім кеткен жоқ;
  • «Қайсар» – 4 футболшы келді, 4 футболшы кетті;
  • «Тараз» – 4 футболшы келді, 4 футболшы кетті

5) Дәл қазір легионері көп клубтар:

  • «Ордабасы» – 10;
  • «Астана», «Қайрат», «Ақтөбе» – 9.

6) Дәл қазір Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат клубтар:

  • «Қайрат» – 18 750 000 еуро;
  • «Астана» – 18 350 000 еуро;
  • «Ордабасы» – 11 630 000 еуро.
Тізімге қайта оралу