|   |   |  Айта-айта "Алтайды"... шығыстан да қар "тайды"

Айта-айта "Алтайды"... шығыстан да қар "тайды"

Айта-айта "Алтайды"... шығыстан да қар "тайды"
Фото "Алтай" футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Шығыс Қазақстан облысында "Восток" және "Спартак" клубтарының орнына "Алтай" деген жаңа команда құрылып, биыл Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін болып отыр.

Ойнағанынан, ойнайдысы қызық болды

Биыл жыл басынан бері дәл осы «Алтай» клубы туралы аз айтылған жоқ. «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» дегендей, аталған клубтың құрылуының өзі қызықты жаңалық болды. Себебі, Шығыс Қазақстан клубы бірінші лигада ойнайтын болса да, құрамына көпшілікке танымал футболшыларды тартып, көпшілікті елеңдетті.

Команданың басшысы қызметіне Сергей Тимофеев бекітілді. Бір – деп, бас бармағыңыды бүгіп қойыңыз. Бас директор – Сержан Шайжүнісов. Екі ме? Қақпашысының бірі – Вячеслав Котляр. Үш.

Ол, ол ма? Қорғанысында – болгар Пламен Димов пен ресейлік Денис Колодин. Иә-иә, 2008 жылғы Еуропа чемпионатында Ресей құрамасы сапында қола жүлдегер атанған, өз елінің ұлттық құрамасы сапында 23 ойын өткізген футболшы. Төрт – деп қойыңыз!

Жартылай қорғанысына әуелі Андрей Карпович алынды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 55 ойын өткізіп, үш гол соққан тәжірибелі ойыншы. Бес! Айтпақшы, бұл жағынан, яғни ел намысын қорғаған ойындарының саны бойынша, Андрейден асып түсетін үш-ақ футболшы бар. Олар – Руслан Балтиев (73 ойын), Самат Смақов (72) және Нұрбол Жұмасқалиев (58).

Сондай-ақ, «Алтай» сапына Константин Заречный, Алексей Шакин және Сергей Шафф секілді елімізге белгілі футболшылар мен әлеуеті зор жастар да алынды. Алты.

Осылай жасақталуының өзі баспасөз беттерінде біраз жыр болған команданың жарнамасы да нашар болған жоқ. Мәселен, клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілердің біріне:

– «Қайрат» Аршавинге, ал Аршавин «Қайратқа қарап ойланып-толғанып жүргенде, біз Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Денис Колодинмен келісім-шартқа отырып алдық, – деп майын тамыза жазды...

Мақтаған команда... «тойда» сүрінді

Содан бері қыс көбесі сөгіліп, аязы шытымыр Шығаста да күн жылып, қар ери бастады. Қыс бойы мақтауы асқан «Алтай» Қазақстан кубогы додасында Ақтаудың «Каспий» командасынан 0:1 есебімен ұтылып қалып, жер шұқыды. Шымкенттегі «Намыс» стадионында өткен матчта Колодин мен Котлярдан басқаларының барлығы дерлік ойнады. Атап айтқанда, Карпович те, Димов та, Шакин де, Шаффта, Заречный да...

Осы ретте айта кетейік, биылел кубогының алғашқы кезеңі жылдағыдан өзгеше өтті. Бірінші лигадағы тоғыз команда үшке бөлініп, үш топта додаға түсті. Әр топта үздік шыққандары және екінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші жоғары болғаны (барлығы – төрт команда) 1/8 финалына жолдама алды.

«Алтай» футболшылары «Каспий» және «Екібастұз» клубтарымен екінші топқа түскен болатын. Бірінші ойында ұтылып қалып, басшылары мен жанкүйерлерін жерге қарата жаздады.

Колодин келіп құтқарды

Бүгін «Алтай» «Екібастұз» клубымен кездесті. Шымкенттегі «Биік» стадионында өткен матчта ресейлік Денис Колодин Шығыс Қазақстан клубы сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Әрі әр таймда бір голдан соғып, «Алтайды» Қазақстан кубогының 1/8 финалына алып шықты. Себебі, «Алтайды» 1:0 есебімен ұтқан «Каспий» Екібастұз командасынан 1:2 есебімен ұтылып қалған болатын. Яғни үш команда бір-бірінің жолын қиып, үш ұпайдан еншіледі. Ал доп айырмасы бойынша Шығыс Қазақстан клубы «+1» көрсеткішімен осы топта бірінші орынды иеленді.

Команда құрамы

Аты-жөні

Туған күні

Азаматтығы

Бойы

Салмағы

қақпашылар

1

Илья Караваев

04.05.95

Қазақстан

186

80

23

Дмитрий Колбунцов

25.05.96

Қазақстан

180

72

33

Вячеслав Котляр

03.03.82

Қазақстан

184

82

77

Арслан Сатубалдин

14.08.84

Қазақстан

193

85

қорғаушылар

2

Әнуар Омашев

30.08.95

Қазақстан

176

70

3

Жақсылық Халелов

14.01.95

Қазақстан

180

76

5

Қасымжан Тайыпов

19.02.95

Қазақстан

180

74

14

Әлібек Сәкенов

30.07.91

Қазақстан

179

74

15

Дмитрий Шмидт

17.11.93

Қазақстан

174

67

16

Әнуар Жағыппар

02.01.95

Қазақстан

176

68

24

Азамат Кайырлыев

09.02.97

Қазақстан

179

61

25

Денис Колодин

11.01.82

Ресей

182

78

70

Пламен Димов

29.10.90

Болгария

182

74

82

Денис Щёткин

14.09.82

Қазақстан

184

77

жартылай қорғаушылар

6

Алексей Шакин

06.08.84

Қазақстан

178

72

8

Андрей Карпович

18.01.81

Қазақстан

177

75

9

Азат Ерсәлімов

19.07.88

Қазақстан

167

64

12

Константин Заречный

14.02.84

Қазақстан

178

79

17

Евгений Шмидт

17.11.93

Қазақстан

177

65

18

Оралбек Серіков

10.10.97

Қазақстан

167

61

19

Мұқажан Мұқашев

07.10.97

Қазақстан

178

63

21

Никита Тюрин

07.07.95

Қазақстан

170

60

22

Бауыржан Тәңірбергенов

11.02.95

Қазақстан

170

70

27

Әкежан Серікқазы

1997

Қазақстан

 

 

31

Телжан Жұмаұқлов

25.08.97

Қазақстан

175

62

88

Рамиз Муканов

15.09.96

Қазақстан

183

69

шабуылшылар

4

Диас Кенжебаев

05.06.97

Қазақстан

178

70

7

Сергей Шафф

15.04.88

Қазақстан

186

87

10

Еркебұлан Нұрғалиев

12.09.93

Қазақстан

169

61

11

Бауыржан Қасымов

01.03.96

Қазақстан

179

74

20

Самит Чулагов

08.04.94

Қазақстан

183

78

 Бапкерлер құрамы:

Сергей Тимофеев (05.03.65) – команда басшысы

Игорь Востриков (15.04.65) – бас бапкер

Борис Глушков (11.03.67) – бас бапкердің көмекшісі

Сергей Балахонов (12.08.65) – қақпашылар жаттықтырушысы

Тізімге қайта оралу