|   |   |  Әйгерім Сабралиева: Футболшыларды дәлелсіз жазғыруға жол бермейміз

Әйгерім Сабралиева: Футболшыларды дәлелсіз жазғыруға жол бермейміз

Әйгерім Сабралиева: Футболшыларды дәлелсіз жазғыруға жол бермейміз

Футболшылар – жалдамалы жұмысшылар! Олар қанша және қашан ақша алатындықтарын өздері шешпейді. Және олар ешқашан да мұндай жолмен пара берудің емеурін танытушысы болмайды!

«Караван» газетінде Леонид Юрьевтің ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі Әйгерім Сабралиевамен тілдесіп, ел футболындағы өзекті мәселелер жайлы жазған мақаласы жарық көрді. Онда футболшылар кәсіподағының мүшесі «Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ойыншылардың өз еріктерімен пара беру жүйесіне қатыспайтындығына» бек сенімді екендігін мәлімдеген. Футболымыздығы осы келеңсіздік жайлы біз де Әйгерім Сабралиеваны сөзге тартқан едік.

– Сізге де айтарым, ең әуелі ҚР футбол федерациясының мәлімдемесіне тоқталып өтейік. Нақтырақ айтқанда, мына сөздеріне: «Мен футболшылар мен жаттықтырушылардың бәрін алдын-ала ескертемін, жалақы мен басқа сыйақылар арқылы «пара беру» жүйесіне қатыспаңыздар. Мұндай қылмыстардың мерзімі жоқ. Қазақ футболын талан-таражға салушыларға біршама үлесін беретін футболшылар мен жаттықтырушылардың ізіне «май шаммен» түсушілердің кез келген сәтте келуі мүмкін. Сонда сіздің қазақстандық па, балқандық немесе африкандық па, кім екеніңіз маңызды емес. Ешкім де ұмыт қалмайды. Елден кетіп қалғандар да жауапқа тартылады. Бұған күмән келтірмеңіздер. Бір келісімшарт шеңберінде мемлекеттік қаражаттан бөлінетін ондаған және жүздеген мың долларды құрайтын агенттік және көтерме ақылар шұғыл тоқтату қажет».

Енді, ғана бұл мәселеге байланысты мен өзімнің жеке пікірімді білдіргім келеді.

Егер Қазақстан футбол федерациясы осындай зиянды құбылыстарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде жоюмен айналысатын болса, мен тек қана қуанамын. Қос қолдап түрып қолдаймын. Мүмкін, федерацияның ықыласымен құқық қорау органдары орасан зор жұмыс жүргізіп, пара беру сұлбасы жайындағы келіссөздерді тіркеген болар, жүздеген куәгерлерден жауап алып, футболшылар мен агентердің жазықты екендеріне бұлтартпас дәлелдерді жинап алған шығар? Онда таласым жоқ, келісемін. Онда Ерлан Қожағапанов осындай өткір мәлімдеме жасауға хақысы бар. Ал егер бұл артында нақты дәлелдері жоқ, былтырғы төрешілерге қатысты айтылғандай, жай ғана сөз болса, онда бұл мәлімдеге мүлде басқаша қарауға болады.

Шынымды айтсам, менің ойымша, федерация басшысы футбол заңдылықтарын толық түсінбейтін сияқты. Сонда қалайіз, футболшы клуб директорының кабинетіне кіреді; орындыққа шалқайып жайғасады; екі аяғын бастығының үстелінің үстіне салып қойып, шәниіп жатып алады да: «Сонымен былай, сен маған осынша ақша төлейсің, ал мен саған соның осындай бөлігін беремін!» дейді ме?!.. Сіз осындай көріністі көз алдыңызға елестете аласыз ба? Мен елестете алмаймын.

Дұрыс түсініңіз, футболшылар қанша және қашан ақша алатындықтарын өздері шешпейді. Олар тек келісім-шартқа қол қойып, «жалақым уақытында және келісм-шарттағы толық сомада қолыма тисе екен» деп үмітін үзбей жүреді. Футболшылар – жалдамалы жұмысшылар! Және олар ешқашан да мұндай жолмен пара берудің емеурін танытушысы болмайды! Өз кезегімізде, біз оларды ешкімнің де дәлелсіз жазғыруына жол бермейміз.

 

ҚР футболшылар кәсіподағының мүшесі Әйгерім Сабралиевамен болған сұхбаттың жалғасын алдағы күндері оқисыздар.

Тізімге қайта оралу