|   |   |  Едіген Юмашев ҚФФ Төрешілер комитетінен неге кетті?

Едіген Юмашев ҚФФ Төрешілер комитетінен неге кетті?

Едіген Юмашев ҚФФ Төрешілер комитетінен неге кетті?
Едіген Юмашев қызметінен неге кетті?

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитінде тағы да басшы ауысты. Осылайша айналдырған үш айда үшінші басшы...

Негізі 2012 жылдың желтоқсанынан бастап осы жылдың наурыз айына дейін Төрешілер комитетіне италиялық маман Маттео Трефолони жетекшілік етіп келген. «Отбасылық жағдайына» байланысты еліне кеткен оның орнына отандық маман Едіген Юмашев жайғасқан. Алайда, арада үш ай өтпей жатып, тағы да ауыс-түйіс орын алды. Енді міне, Едіген Шораұлының орнына қызылордалық Акмалхан Холматов келді.

Естеріңізге сала кетейік, Юмашев бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында Тәртіптік-бақылау комитетінің де мүшесі болған. «Сорокиннің дауы» кезінде алғашқылардың бірі болып, белсенді түрде ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов пен «Ақтөбе» директоры Дмитрий Васильевтің шешіміне қарсы шыққан. Ақыры әділет орнамаған соң өзге әріптестерімен бірге ТБК құрамынан арыз жазып шығып кеткен. Бірақ Төрешілер комитетіндегі жұмысын жалғастырып келген еді. «Сорокиннің дауы» суыған соң ақыры қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Акмалхан Холматов 2001 жылдан бері төрелік етіп келеді. 2013, 2014 жылдары еліміздің үздік арбитрі атанған. 2015 жылдың қазан айында ҚФФ Төрешілер комитетіне басшының орынбасары болып тағайындалып, елімізде жас төрешілердің дамуына, аймақтағы «Жас төрешілер» мектептеріне жауап беріп келді.  

Тізімге қайта оралу