|   |   |  ҚФФ президенті “Алтайдыңˮ тоғыз ұпайын ФИФА-дан сұрайды

ҚФФ президенті “Алтайдыңˮ тоғыз ұпайын ФИФА-дан сұрайды

ҚФФ президенті “Алтайдыңˮ тоғыз ұпайын ФИФА-дан сұрайды
"Алтай" футбол клубы. Фото: ШҚО клубының ресми парақшасынан

Қазақстан футбол федерациясының президенті «Алтай» футбол клубының тоғыз ұпайын қайтарып беруге көмектесетін болып, ФИФА-ға хат жолдапты.

Бүгін кешке Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында осындай ақпарат жарияланды. Онда еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасының басшылары Қазақстан футбол федерациясына бірінші лигадағы «Алтай» клубының тоғыз ұпайын қайтарып беру мүмкіндіктерін қарастыруды өтінген.

Әрі бұл өтініште «Алтай» клубы «Восток» командасының спорттық тұрғыдағы құқықтық мирасқоры болып табылатындығымен, қаржылай қарыздарына жауапты емес екендігі баяндалған.

Өте орынды және тамаша – өтініш! ҚР Кәсіпқой футбол лигасының бұрынғы президенті неге осындай игілікті іспен айналыспаған?! Әлде ойына келмеді ма екен, не болмаса жауапты емес екендігін білмеді ма?..

Қазақстан футбол федерациясы болса, «Алтайдың» басшыларымен бірнеше кездесу өткізіп, осы мәселені шешу үшін барлық күш-жігерлерін салатындықтарын жазыпты. Қажетті құжаттардың бәрі дайындалған, енді ФИФА-ға жіберіледі екен.

ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапанов жаңадан ашылған клуб үшін бұл мәселе оң шешілетіндігіне үмітті екендігін білдіреді. Әрі соңғы шешімді ФИФА-ның өкілетті органдары қабылдайтындығын көлденең тартқан.

Тізімге қайта оралу