|   |   |  Қазақстан футбол федерациясында ауыс-түйіс

Қазақстан футбол федерациясында ауыс-түйіс

Қазақстан футбол федерациясында ауыс-түйіс
ҚФФ Атқару комитетінің басқосуы. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Атқару комитетінің отырысы өтіп, бірқатар шешімдер қабылданды.

Кеше Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті кезекті басқосуын өткізіп, біраз мәселелерді талқылап, бірнеше шешім қабылдапты. Атап айтқанда:

– ҚФФ Бас Хатшысы Азамат Серікұлы Айтқожиннің өз еркімен қызметінен кету өтініші қабыл алынды;

– ҚФФ Бас Хатшысы міндетін атқарушы болып Еркебұлан Ермекбайұлы Хасенов тағайындалды;

– ҚФФ бірінші вице-президенті болып Николай Ильич Мещеряков тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды қызметті атқарған Бағлан Қожабайұлы Ергешев Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы президенті болып сайлануына байланысты вице-президент болып бекітілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Президенті кубогы» халықаралық турнирін өткізу туралы ереже бекітіліпті. Атқару комитеті Бюросының шешімдері қабыл алынып, бекітілген.

Тізімге қайта оралу