|   |   |  Қазақстан федерациясынан Абраев пен Айтқожин да кетті

Қазақстан федерациясынан Абраев пен Айтқожин да кетті

Қазақстан федерациясынан Абраев пен Айтқожин да кетті

Бүгін ҚР Кәсіпқой футбол лигасы кеңесінде Олжас Абраев пен Азамат Айтқожин отставкаға кетті.

Түске қарай Астанадағы “Пекин Палас” қонақ үйінде еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі басталған. Осы басқосу барысында Олжас Абраев пен Азамат Айтқожиннің қызметтерінен кеткені жиын аяқталмай жатып-ақ, көпшілікке мәлім болды.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин отставкаға кеткен. Ресми түрде қандай себеппен екені – әлі белгісіз.

Сондай-ақ ҚР Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев та қызметінен кеткен. Оның өтінішін ҚР Кәсіпқой футбол лигасы кеңесі бірауыздан дерлік қабыл алған. Тек екі команданың өкілдері ғана қарсы болған.

Мұнда да, КФЛ басшысының ресми түрде қандай себеппен орнынан кеткені әлі жарияланған жоқ. Іле-шала ҚР Кәсіпқой футбол лигасының президенті қызметіне Бағлан Ергешев сайланғаны мәлім болды. Дауыс берушілер бірауыздан қолдаған сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Кәсіпқой футбол лигасы кеңесі Қазақстан – Қытай жолдастық кездесуіне қатысты дау-дамайды шешу үшін өткізіліп жатыр. Бұл басқосуда Қытай футболшыларымен өтетін жолдастық кездесуге байланысты ел чемпионатының күнтізбесіне, яғни 3 және 8 маусым аралығында өзгерістер еңгізу талқылануы керек болатын.

Тізімге қайта оралу