|   |   |  Қазақстан футбол федерациясы – Ешкім де қызметінен кеткен жоқ

Қазақстан футбол федерациясы – Ешкім де қызметінен кеткен жоқ

Қазақстан футбол федерациясы – Ешкім де қызметінен кеткен жоқ
Фото kff.kz сайтынан

Қазақстан футбол федерациясы өзінің ресми сайтында арнайы мәлімдеме жариялап, Тәртіптік-бақылау комитеті мүшелерінің өз қызметтерінен кеткендерін жоққа шығарды.

«Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті ҚФФ қанаты астында өтетін доп додалары кезінде футбол субъектілері тарапынан жіберілген реттемелеуші құжаттардың бұзылу деректерін талқылайтын бірінші инстанциялы заңды тұлға болып табылады», делінген аталмыш мәлімдемеде.

Әрі Тәртіптік-бақылау комитеті тәуелсіз орган екендігін де айрықша атап өткен. Сонымен қатар «Тәртіптік-бақылау комитеті өз шешімдерін құқық мен әділеттілік қағидаларын негізге ала отырып қабылдайды. ТБК-інің қабылданған шешімдеріне ешкім де қысым жасай алмайды» деп, қадап-қадап жазған.

Одан әрі «Тәртіптік-бақылау комитеті мүшелерінің аталған органның қатарынан шығып кеткендері шындыққа жанаспайды», деп мәлімдеген. ҚФФ ресми сайтының баяндауынша ТБК штаттық кестеде жұмыс жасап жатқан көрінеді.

Ең соңында «ТБК-інің бұдан бұрын қабылдаған шешімдері қайта қарау үшін басқосу өткізгендігі туралы ақпаратт та анық емес» деп жазған.

Ал осы мәлімдемелерінің нүктесін «Қазақстан футбол федерациясы хабарлайды, федерация қызметі туралы жаңалықтардың бірден-бір дерекөзі ҚФФ-ының ресми сайты – kff.kz» деп қойған.

Тізімге қайта оралу