|   |   |  Футболымыздағы қысқы ұйқы тым ұзаққа созылып кетті – Айсұлтан Назарбаев

Футболымыздағы қысқы ұйқы тым ұзаққа созылып кетті – Айсұлтан Назарбаев

Футболымыздағы қысқы ұйқы тым ұзаққа созылып кетті – Айсұлтан Назарбаев
Фото әлеуметтік желіден алынды

Қазақстан Президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында ел футболын дамытудың жаңа бағдарламасын аяқтағаны туралы жазды.

«Достар, сіздермен жағымды жаңалығыммен бөліскім келеді. Осыдан бірер уақыт бұрын мен Қазақстан футболын дамытудың таңдаулы жолын табуды мақсат тұтқан болатынмын. Міне, бүгін біз осы бағыттағы негізгі жұмысты тәмамдадық. Менің ой-ниетімнің салиқалы екеніне сенім білдіргендердің бәріне де – рахмет, сіздер болмасаңыздар мұның бәрінің мән-мағынасы болмас еді.

Таяу уақытта мен өз көзқарасымды ортаға саламын: іс жүзінде қайда, қалай қозғалуымыз керек, әрі дами беруімізге не және кім кедергі, содан соң әрине, мұның бәріне ақшаны қайдан аламыз. Өз басым атқарылған жұмыстарыма ризамын және өз тұжырымдамаммен бүкпесіз сүйіспеншілікпен бөлісемін.

Бұл бірнеше томдаған күрделі ақпараттар мен түсініксіз формулалар жинағы емес. Әлдене жасанды түрде қиындап кетсе, бұл әлдебіреулердің біліксіздігін жасыру үшін жүзеге асырылатына бек сенімдімін. Мен сондықтан футболымыздың барлық "күрделі" үдерістерін кез келген жанға түсінікті болуы үшін саналы түрде жеңілдеттім. Баршамызға да оянатын кез келді деп ойлаймын, әйтпесе біздің футболымыздағы қысқы ұйқы тым ұзаққа созылып кеткен сияқты...», – деп жазыпты Айсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында естеріңізге сала кетейік, былтыр Айсұлтан Қазақстан футбол федерациясының президенті болуға ниет білдіріп, өз кандидатурасын ұсынған болатын. 

Тізімге қайта оралу