Главная страница
 |   |   |   |  «Спортинг» – «Астанадан» сегіз есе қымбат

«Спортинг» – «Астанадан» сегіз есе қымбат

«Спортинг» – «Астанадан» сегіз есе қымбат
Доппен "Спорингтің" қымбат ойыншысы... Фото: sporting.pt

UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалында кездесетін Қазақстан чемпионы мен Португалия клубының нарықтық бағасын салыстыруға да келмейді...

Бұлай дейтін себебіміз, «Спортинг» клубының футболшылары – әлдеқайда қымбат, нарықтық бағалары біршама жоғары. Тіпті бір ғана ойыншысының бағасы «Астананың» бүкіл футболшыларының нарықтық бағаларын қосқандағы сомадан да асып түседі.

Жұмбақтамай, немістің беделді transfermarkt.de сайтының деректеріне сүйене отырып айтар болсақ, «Спортинг» клубының құрамы 165,65 миллион еуроны құрайды. Ал «Астана» футболшыларының жалпы бағасы – 20,65 миллион еуро.

Аталмыш басылымның мәліметінше, «Спортингтің» белді ойыншысы, жасы 25-тен асқан 2016 жылғы Еуропа чемпионы Вильям Карвалью 25 миллион еуро тұрады. Шабуылшысы Желсон Мартинш 20 миллион еуроға, қақпашысы Руй Патрисиу мен голландиялық легионері Бас Дост 16 миллион еуроға бағаланады.

Ал «Астананың» ойыншыларының ішіндегі нарықтық бағасы жоғарылары – Дмитрий Шомко мен Патрик Твумаси (2 миллион еуродан). Одан кейінгі бағалы ойыншылары Джуниор Кабананга (1,8 миллион еуро), Марин Томасов (1,7 миллион еуро) және Юрий Логвиненко (1,2 миллион еуро) болып есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен «Спортинг» UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалында кездеседі. Бірінші ойын 2018 жылы 15 ақпанда Астанада өтсе, қарымта матч ақпанның 22-сінен 23-іне ауған түні Лиссабонда өтеді.

Возврат к списку