Главная страница
 |   |   |  «Астананың» Еуропа лигасындағы келесі қарсыласы – «Спортинг»

«Астананың» Еуропа лигасындағы келесі қарсыласы – «Спортинг»

«Астананың» Еуропа лигасындағы келесі қарсыласы – «Спортинг»
Еуропа лигасының 1/16-финалында кездесетін командалар жұбы анықталды

Бүгін Ньонда UEFA Еуропа лигасының да жеребесі тартылып, Қазақстан чемпионының 1/16-финалында кездесетін қарсыласы белгілі болды.

«Астана» клубының келесі кезеңдегі қарсыласы «Спортинг» (Португалия) клубы болды. Эрик Абидальдың қолы жеңіл ме, жоқ па, оны өздеріңіз бағалай жатарсыздар, Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы қалған үш команданың ішінен «Брага» мен «Арсеналды» емес, ішінде «Спортинг» клубы деген жазуы бар шарды алып шықты...  

Еуропа лигасының 1/16-финалында кездесетін командалар жұбы:

"Боруссия" Дортмунд (GER) – "Аталанта" (ITA)

"Ницца" (FRA) – "Локомотив" (RUS)

"Копенгаген" (DEN) – "Атлетико" (Мадрид, ESP)

"Спартак" (RUS) – "Атлетик" (ESP)

АЕК (GRE) – "Динамо" Киев (UKR)

"Селтик" (SCO) – "Зенит" (RUS)

"Наполи" (ITA) – "Лейпциг" (GER)

"Црвена Звезда" (SRB) – ЦСКА (RUS)

"Лион" (FRA) – "Вильяреал" (ESP)

"Реал Сосьедад" (ESP) – "Зальцбург" (AUT)

"Партизан" (SRB) – "Виктория" (CZE)

"Стяуа" (ROU) – "Лацио" (ITA)

"Лудогорец" (BUL) – Милан" (ITA)

"Астана" (KAZ) – "Спортинг" (POR)

"Эстерсунд" (SWE) – "Арсенал" (ENG)

"Олимпик" Марсель (FRA) – "Брага" (POR)

UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалындағы ойындар 2018 жылы, 15 және 22 ақпан күндері өтеді. «Астана» бірінші ойынды өз алаңында, ал қарымта матчты Лиссабонда өткізеді.

Тізімге қайта оралу