Главная страница
 |   |   |   |  Еуропа лигасы – «Астананың» қарсыласы қай команда болады?

Еуропа лигасы – «Астананың» қарсыласы қай команда болады?

Еуропа лигасы – «Астананың» қарсыласы қай команда болады?
Фото uefa.com сайтынан

UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалына шыққан командаларды екі қоржынға жіктеп, өзінің ресми сайтында жариялады.

Еуропа лигасының 1/16-финалы сатысындағы жеребесі дүйсенбі күні, яғни 11 желтоқсанда, Ньонда тартылады. Бүгін UEFA плей-оффиа бақ сынау құқығына ие болған 32 команданы екі қоржынға бөліп, жіктеп қойды.

Бірінші қоржынға Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі 12 топтың жеңімпаздары, содан кейін Чемпиондар лигасынан ауысып келген (өз топтарында 3-орын алған) командалардың төрт үздігі енді.

Екінші қоржынға Еуропа лигасының топтық кезеңінде өз квартетерінде 2-орын алған 12 команда мен Чемпиондар лигасынан ауысып келген қалған төрт клуб енгізілді.

Еуропа лигасы. 1/16-финалының қоржындары:

1-қоржын: 

"Арсенал" (ENG),
"Аталанта" (ITA),
"Атлетик" (ESP),
"Атлетико"* (ESP),
"Брага" (POR),
"Виктория" (CZE),
"Вильяреал" (ESP),
"Динамо" Киев (UKR),
"Зальцбург" (AUT),
"Зенит" (RUS),
"Лацио" (ITA),
"Лейпциг"* (GER),
"Локомотив" (RUS),
Милан" (ITA),
"Спортинг"* (POR),
ЦСКА* (RUS)

2-қоржын: 

"Астана" (KAZ),
АЕК (GRE),
"Боруссия" Дортмунд* (GER),
"Копенгаген" (DEN),
"Лудогорец" (BUL),
"Лион" (FRA),
"Наполи"* (ITA),
"Ницца" (FRA),
"Олимпик" (FRA),
"Партизан" (SRB),
"Реал Сосьедад" (ESP),
"Селтик"* (SCO),
"Спартак"* (RUS),
"Стяуа" (ROU),
"Црвена Звезда" (SRB),
"Эстерсунд" (SWE)

Ескерту: * – Чемпиондар лигасынан ауысып келген клубтар.

Ескерте кетерлігі, топтық кезеңде бір топта болған командалар 1/16-фналында бір-біріне түспейді (түсе қалса, оларды ажыратып жібереді). Яғни «Астана» келесі кезеңде «Вильяреал» клубымен кездеспейді. Сондай-ақ бір федерацияның (қауымдастықтың, елдің) командалары да бір-бірімен кездеспейді

UEFA Еуропа лигасының 1/16-финалы ойындары 2018 жылы, 15 және 22 ақпан күндері өтеді. Екінші қоржындағы командалар, яғни «Астана» бірінші ойынды өз алаңында, ал қарымта матчты түзде өткізеді.

Возврат к списку