Главная страница
 |   |   |   |  Еуропа лигасы – Келесі кезеңге «Вильярреал» мен «Астана» шықты

Еуропа лигасы – Келесі кезеңге «Вильярреал» мен «Астана» шықты

Еуропа лигасы – Келесі кезеңге «Вильярреал» мен «Астана» шықты
«Астана» тұңғыш рет плей-офф сатысына шықты. Фото: uefa.com

Еуропа лигасының «А» тобында алтыншы турдың ойындары аяқталып, бірінші және екінші орындарға «Вильярреал» мен «Астана» ие болды.

«Вильярреал» өткен турда Қазақстанға негізгі құрамдағы ойыншыларын әкеліп, «Астана-Аренада» бар күш-жігерін салған болатын. Әрі жеңісті де өңгеріп кеткен. Бірақ бұл сапары соншалықты сәтті болды деп айту қиын. Сарыарқа төсіндегі осы ойыннан кейін «Сары субмариналар» Испания чемпионатында екі рет қатарынан ұтылды.

Әуелі, өз алаңында «Севилья» клубына есе жіберіп алса (2:3), одан соң «Леганес» клубынан түзде 1:3 есебімен ұтылып қалды. Сондықтан Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынға жартылай қосалқы құрамын шығарды. Өйткені, Прагадағы матч қалай аяқталса да, «Вильярреал» бірінші орында қалатын еді.

Ал «Маккаби» аянбады. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермей, азулы Испания клубын түзде 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл Израиль клубының бас бапкері үшін де тамаша мүмкіншілік еді. Енді «Вильярреал» секілді азулы командадан басым түскендерін біраз уақыт бойы «жырлап» жүруге де болады...

Сөйтіп, Еуропа лигасының «А» тобында «Вильярреал» мен «Астана» үздік шықты. Енді бұл екеуі 2018 жылы ақпан айында 1/16-финалында бақ сынайды. Қарсыластары 11 желтоқсан күні Ньонда тартылатын жеребеде белгілі болады.

«Славия» – «Астана» – 0:1 (0:1)

Гол: Аничич, 38.

«Вильярреал» – «Маккаби» (Тель-Авив) – 0:1 (0:0)

Гол: Блэкмен, 60.

«А» тобы. Қорытынды кесте


Возврат к списку