Главная страница
 |   |   |  Еуропа лигасында плей-офф жолдамасынан кімдер үмітті?

Еуропа лигасында плей-офф жолдамасынан кімдер үмітті?

Еуропа лигасында плей-офф жолдамасынан кімдер үмітті?
Еуропа лигасында плей-офф жолдамасынан кімдер үмітті?

Бүгін түнде Еуропа төрінде өтетін 24 ойынмен Еуротурнирдің биылғы кезеңі қорытындыланады. Дәл қазір Еуропа лигасында плей-офф кезеңінен үмітті «Астанамен» қатар тағы 16 команда бар. Жалпы, бұл турнирдің көктемгі кезеңінде кімдер ойнайды және қалған жолдамалардан қай командалар үмітті? Соларға тоқталсақ.

Еуропа лигасының 1/16-финалына жолдама алып қойған 24 команда бар. Олар өз кезектерін күтіп, 11 желтоқсанда өтетін жеребе тарту рәсіміне дайындалуда. Айтпақшы, әлгі 24-тің сегізі Чемпиондар лигасының топтық турнирінде өз топтарында үшінші орын алып келгендер.

Еуропа лигасының 1/16-финалына жолдама алып қойған командалар:

«Арсенал» (Англия), «Аталанта» (Италия), «Брага» (Португалия), «Виктория» (Чехия), «Вильяреал» (Испания), «Динамо К» (Украина), «Зальцбург» (Аустрия), «Зенит» (Ресей), «Лацио» (Италия), «Лион» (Франция), «Милан» (Италия), «Ницца» (Франция), «Партизан» (Сербия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Стяуа» (Румыния), «Эстерсунд» (Швеция)

Еуропа лигасының 1/16-финалына Чемпиондар лигасы арқылы шыққан командалар:

ЦСКА (Ресей), «Селтик» (Шотландия), «Атлетико» (Испания), «Спортинг» (Португалия), «Спартак» (Ресей), «Наполи» (Италия), «Лейпциг» (Германия), «Боруссия» (Германия).

Енді қалғаны сегіз жолдама. Бірақ, үміттел саны екі еседен артық. Яғни, 17 команда үшін бүгінгі түн шешуші, матчтары маңызды болмақ. Оның тоғызы ойындарын қонақта, сегізі өз алаңында өткізеді. Алты кездесуде өзара бәсекелестер алаңға шықпақ.

Плей-офф кезеңінің жолдамасынан үміттілер:

А тобы: «Астана» (Қазақстан), «Славия» (Чехия);

С тобы: «Лудогорец» (Болгария), «Истанбул» (Түркия);

D тобы: «Аустрия» (Аустрия), АЕК (Грекия);

Ғ тобы: «Копенгаген» (Дания), «Локомотив» (Ресей), «Шериф» (Молдова);

Н тобы: БАТЭ (Беларусь), «Кельн» (Германия), «Црвена Звезда» (Сербия);

І тобы: «Марсель» (Франция), «Гимараэш» (Португалия), «Коньяспор» (Түркия);

J тобы: «Атлетик» (Испания), «Заря» (Украина).

Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының жолдамасынан біржола күдер үзген 16 команда бар.

Жолдамадан үміт үзгендер:

«Аполлон» (Кипр), «Вардар» (Македония), «Витесс» (Голландия), «Герта» (Германия), «Злин» (Чехия), «Зюлте-Варегем» (Бельгия), «Лугано» (Швейцария), «Маккаби Т-А» (Израиль), «Риека» (Хорватия), «Русенборг» (Норвегия), «Скендербеу» (Албания), «Хапоэль Б-Ш» (Израиль), «Хоффенхайм» (Германия), «Эвертон» (Англия), «Янг Бойз» (Швейцария).

Тізімге қайта оралу