Главная страница
 |   |   |   |  «Астана» Чехияда жеңіске жетті...

«Астана» Чехияда жеңіске жетті...

«Астана» Чехияда жеңіске жетті...
«Виктория» (Чехия, Жижков) – «Астана» (Қазақстан) – 1:3. Фото: fkvz.cz

«Астана» футбол клубы Чехияда жолдастық кездесу өткізіп, жергілікті «Виктория» (Жижков) клубынан басым түсті. Есеп – 3:1.

Бейсенбіден жұмаға ауған түні «Астана» Еуропа лигасының биылғы маусымдағы топтық кезеңі аясында соңғы ойынын өткізеді. Прагада жергілікті «Славия» клубымен кездеседі. Осыған орай, елорда клубы Чехияға ертерек аттанып кеткен болатын.

Себебі, биыл Қазақстан чемпионаты тым ерте аяқталған. Жылдағыдай ел кубогы додасының шешуші ойындары да қоңыр күзге қалдырылмады. Сондықтан «Астана» биылғы кубок додасынан ерте “шығып” қалды. Өйткені маусым барысында үш бірдей додада (чемпионат, кубок, Еурокубок) өнер көрсету қиын болды...

Қыркүйектік 9-ынан бастап, әсіресе қазан айында 3-4 күнде бір ойын өткізіп, Қазақстан мен Еуропа арасында арлы-берлі сабылған «Астана» ел чемпионаты соңында титықтап, біраз қиналды. Ал 5 қарашада елішілік доданың бәрі аяқталып, елорда клубы ешқандай ойын өткізбей, тоқырап қалды.

Тіпті футболшылары спорттық бабтарын жоғалта бастағандай да болды. Сол себепті еліміздің төрт дүркін чемпионы Чехияға ертерек кетіп, қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын жүргізді. Осы жиын барысында «Виктория» (Жижков) клубымен жолдастық кездесу өткізді. Әрі осы елдің шежіресі мол, ежелден келе жатқан командасынан басым түсті.

Бір көңіл аударарлығы, Станимир Стойлов бұл ойында негізгі құрамдағы футболшыларына ғана емес, команда сапына жақында ғана алынған жас талантарына да мүмкіндік беріпті. Атап айтқанда, Юрий Перцух пен Бахтиёр Зайнутдинов те жасыл алаңға шығып, өз қабілеттерін паш еткен.

«Виктория» (Жижков) клубының ресми сайты бұл ойынды «Еуропа лигасында бақ сынайтын командаға қарсы лайықты деңгейде өнер көрсеттік» деп жазды. Ал «Астанаға» енді «Славияны» жеңу керек. Оған шамалары жете ме, жоқ па, оны бейсенбіден жұмаға ауған түні көреміз.

«Виктория» (Чехия, Жижков) – «Астана» (Қазақстан) – 1:3

Голдар: Подразки, 59 – Перцух, 6. Томасов, 72-пенальтиден. Деспотович, 82.

Возврат к списку