Главная страница
 |   |   |  «Астана» ереуіл ұшаққа «ер» салды, Праганы бетке алды

«Астана» ереуіл ұшаққа «ер» салды, Праганы бетке алды

«Астана» ереуіл ұшаққа «ер» салды, Праганы бетке алды
Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынға дайындық. Фото: fca.kz

Бүгін «Астана» футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Чехияның астанасы Прагаға аттанып кетті.

Өздеріңіз білесіздер, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчын Чехияда өткізіп, желтоқсанның 7-сінен 8-іне ауған түні «Славия» клубымен кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.

«Астана» футбол клубының ресми сайты таратқан мәліметтерге сенсек, Станимир Стойловтың шәкірттері Чехияда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын жүргізіп, жергілікті «Виктория» (Жижков) клубымен жолдастық кездесу өткізеді екен.

Осы оқу-жаттығу жиынына елорда командасы мына құрамда аттанған:

қақпашылар Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;

қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Евгений Постников, Сергей Малый;

жартылай қорғаушыларСерікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген, Иван Маевский, Срджан Граховац, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Бахтиер Зайнутдинов, Юрий Перцух;

шабуылшылар – Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга, Роман Муртазаев және Джордже Деспотович.

Тізімге қайта оралу