Главная страница
 |   |   |   |  «Маккабидің» дәмесінің зорын-ай

«Маккабидің» дәмесінің зорын-ай

«Маккабидің» дәмесінің зорын-ай
"Маккаби" ұшып келді... Фото: maccabi-tlv.co.il

Бейсенбі күні кешкісін «Астана» Еуропа лигасы аясындағы үшінші кездесуін өткізіп, Тель-Авивтің «Маккабиін» қабылдайды.

«Маккаби» (Тель-Авив) клубының ресми сайты таратқан ақпаратқа сенсек, Израиль клубы Астанаға келіп қоныпты. Аталмыш клуб өз елінен ұшып шыққанда, maccabi-tlv.co.il сайты олардың Астананы бетке алғандарын жариялады.

Әрі «Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісімізге қол жеткізу үмітімен атанды» деп жазды. Ал керек болса! Оу, сонда қалай? 2015 жылдан бері өз алаңында «Атлетико» (Мадрид), «Бенфика», «Галатасарай», «Олимпиакос», «Славия» сынды клубтардан ұтылмаған «Астана» «Маккабиден» ұтыла ма?

Ашығын айтсақ, қазақ жанкүйерлері де, «ел чемпионы осы жолы “А” тобындағы бірінші жеңісіне қол жеткізер» деп алақандарын ысқылап отыр. Біз де жеңістен дәмеліміз. Қай клубтың жанкүйерлерінің үміті басым болып, сенімі ақталар екен, ә?!

«А» тобы


Возврат к списку