|   |   |  Еуропа лигасы: Екінші електік кезеңнің де жеребесі тартылды

Еуропа лигасы: Екінші електік кезеңнің де жеребесі тартылды

Еуропа лигасы: Екінші електік кезеңнің де жеребесі тартылды
Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Фото: uefa.com

Бүгін Ньонда Еуропа лигасының 2016/2017 жылдар маусымындағы алғашқы екі електік кезеңінің жеребесі тартылды.

Біз бұған дейін Еуропа лигасының бірінші електік сатысының жеребесі тартылып, Қазақстан клубтарының қай командалармен кездесетін болғандығын жазғанбыз.

Атап айтқанда, «Қайрат» Албанияның «Теута» деген командасымен, «Ордабасы» Сербияның «Чукарички» атты клубымен, ал «Ақтөбе» Венгрияның «МТК Будапешт» деп аталатын қжымымен кездесін болды.

Бұдан кейін Еуропа лигасының екінші електік сатысының да жеребесі тартылды. Яғни біздің командаларымыз келесі кезеңге өтсе, қай жұптың жеңімпазымен кездесетіндігі белгілі болды.

Еуропа лигасы. 2016-2017 жылдар маусымы:

І-електік саты:

«Теута» (Албания) – «Қайрат»

«Чукарички» (Сербия) – «Ордабасы»

«Ақтөбе» – «МТК Будапешт» (Венгрия)

Бірінші ойын – 30 маусымда, қарымта матч – 7 шілдеде.

ІІ-електік саты:

«Теута» (Албания) – «Қайрат» / «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) — «Горица» (Словения)

«Чукарички» (Сербия) – «Ордабасы» / «Видеотон» (Венгрия) — «Заря» (Молдова)

«Ақтөбе» – «МТК Будапешт» (Венгрия) / «Габала» (Әзірбайжан) — «Самтредиа» (Грузия)

Бірінші ойын – 14 шілдеде, қарымта матч – 21 шілдеде.



Тізімге қайта оралу