|   |   |  "Қайрат" албандармен кездеседі

"Қайрат" албандармен кездеседі

"Қайрат" албандармен кездеседі
Теута ФК (Албания)

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» Албанияның «Теута» футбол клубымен кездеседі.

Бірінші ойын 30 маусым күні Дурресте, жауапты кездесу 7 шілдеде Алматыда өтеді. 

«Теута» жайлы бір ақпар

«Теута» – Албанияның Дуррес қаласында орналасқан клуб. 1920 жылы алдымен «Урани» деген атаумен құрылған. Өз алаңындағы ойындарын 13 мың көрермен сиятын «Нико Дована» стадионында қабылдайды. Бас бапкері – 41 жастағы жергілікті маман Гугаш Магани.

Албания чемпионы – 1993/94 жыл.

Албанияның кубогының иегері – 1994-1995, 1999-2000, 2004-2005 ж.

Transfermarkt.de сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, команда футболшыларының жалпы құны 3,6 миллион евроны құрайды екен. Салыстырмалы түрде айта кетейік, алматылықтардың биылғы жалпы бағасы 14,88 млн. евро. 

Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіне 96 команда қатысады. Екінші іріктеу кезеңіне 48 команда шығып, олардың қатарына тағы 18 клуб қосылады.



Тізімге қайта оралу