|   |   |  Чемпиондар лигасы: “Астананың” алғашқы қарсыласы – “Жальгирис”

Чемпиондар лигасы: “Астананың” алғашқы қарсыласы – “Жальгирис”

Чемпиондар лигасы: “Астананың” алғашқы қарсыласы – “Жальгирис”
"Астананың" қарсыласы – "Жальгирис". Фото: irelandru.com

Бүгін Ньонда 2016/2017 жылдар маусымындағы Чемпиондар лигасының алғашқы електік сатыларының жеребесі тартылды.

«Астана» биылға дейінгі рейтингтерінің арқасында екінші бөліктегі 12 команданың ішінде бірінші қоржынға түсті. Жеребе бойынша Қазақстан чемпионы екінші електік сатыда «Жальгирис» клубымен кездесетін болды.

Алғашқы ойын 12/13 шілде күні Вильнюсте, ал қарымта матч 19/20 шілдеде Астанада өтетін болды.

«Жальгирис» – өз елінің ең әйгілі командасы. 1947 жылы 16 мамырда құрылған. Ерен жетістігі ретінде 1987 жылы КСРО чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгендігін айрықша атап өтуге болады. Литваның алты дүркін чемпионы. 9 рет кубогын, 5 мәрте суперкубогын жеңіп алған.

Transfermarkt.de деректері бойынша «Жальгиристің» ойыншылары 5,05 миллион еуро болып бағаланады. Ең қымбат ойыншылары – сенегалдық Мамаду Мбодж, хорват Марин Маточ және жергілікті футболшы Марюс Жалюкас. Олардың трансферлік бағалары 400 мың еуро болып есептеледі.

Ал «Астана» Литва чемпионынан үш есе асып түседі. Яғни біздің чемпионымыздың ойыншыларының бағасы – 17,85 миллион еуро. Ең қымбат футболшымыз – серб саңлағы Неманья Максимович (2 милион еуро).

Бүгінгі жеребе бойынша кездесетін командалар жұбы төмендегідей: 



Тізімге қайта оралу