|   |   |  Шымкентте республикалық "Былғары доп" додасы мәресіне жетті

Шымкентте республикалық "Былғары доп" додасы мәресіне жетті

Шымкентте республикалық "Былғары доп" додасы мәресіне жетті
"Coca-Cola – Былғары доп" турнирі

Шымкент қаласында 2003/04 жылғы балалар арасындағы республикасық «Coca-Cola – Былғары доп» додасының финалдық турнирі мәресіне жетті. Бас жүлдені жергілікті жеткіншектер жеңіп алды.

Биыл «Былғары доп» додасына 10 жыл. Осы уақытқа дейін турнирдің финалдық кезеңдері Алматы, Тараз, Семей, Қарағанды қалаларында өткенімен Оңтүсік Қазақстан облысына бет бұрмаған екен. Шымкент финалдық кезеңді барынша жоғары дәрежеде өткізді. Топтық ойындар «Металлург», «Локомотив», «Цементник» стадиондарында өтсе, ақтық айқаста балалар Қажымұқан стадионының алаңына шықты.

Финалда Оңтүстік Қазақстан облысының №86 орта мектебі мен Алматы қаласының №117 орта мектептері кездесті. Алғашқы минуттардан-ақ оңтүстік астаналықтар шабуылға лап қойғанымен қонақтардың бастапқы қарқынына төтеп берген алаң қожайындары жылдам гол соғып алды. Алматылықтарда есепті теңестіретін мүмкіндіктер көп болған. Біреуін де діттеген жеріне жеткізе алмады. Ал шымкенттіктер ойын соңына таман тағы бір гол соғып, 2:0 есебімен «Былғары доп» додасының кубогын жеңіп алды.

Айта кетйік, жыл сайын бұл турнирде еліміздің барлық аймағының 6200 мектебінен 400 мыңнан астам оқушылар қатысады. Ал он жылдық тарихында бұл турнирге барлығы милионнан астам жеткіншек қатысқан екен. Бір сөзбен айтқанда еліміздің балалары арасындағы ең ауқымды спорттық шара болып табылады. Осы он жылдың ішінде турнир Қазақстан футболына талай дарынды футболшыларды ашып берді. Көбісі бүгінде еліміздің танымал клубтарында өнер көрсетіп, ұлттық құрамамыздың намысын қорғауда. Олардың арасында Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Серікжан Мужиков, Сергей Хижниченко, Бауыржан Байтана сынды жұлдыздар бар. Бұлардың барлығы өздерінің үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын осы турнирде бастаған.

Тізімге қайта оралу