|   |   |  Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына дайындықты бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына дайындықты бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына дайындықты бастады
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы «Президент кубогына» дайындықты бастап кетті. Осы орайда Александр Кузнецов бастаған бапкерлер алқасы Алматыдағы құрама командалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

Айта кетейік, биыл 9-шы рет ұйымдастырылатын «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогында» соңғы екі жылда Испаниядан келген жеткіншектер жеңіске жеткен. Қазақстан жасөспірімдері аталмыш кубокқа 2013 жылы ған қол жеткізді. Сондай-ақ, бұған дейін бес рет Астанада, үш рет Алматыда өткен «Президент кубогы» биыл Шымкент қаласында ұйымдастырылмақ. Турнирге қанша команданың қатысатыны әзірге белгісіз.

Дегенмен, Қазақстанның 2000 жылға дейінгі құрамасы дайындықтарын 15 маусымда бастап кетті. Осы айдың 24-іне дейін Алматыда жаттығу жиынын өткізетін Александр Кузнецов шәкірттері осы аралықта екі жолдастық кездесу өткізіп көрмек. Алдымен Алматы қаласының 18 жасқа дейінгі құрама командасымен 17 маусымда кездессе, маусымның 20-сында ЦСКА футбол клубының жасөспірімдеріне қарсы алаңға шығады.

Александр Кузнецов бастаған бапкерлер алқасы бұл жиында 24 жеткіншектің бабын байқап көрмек.

Қақпашылар: Устименко Данил («Қайрат»), Медведев Олег («Астана»), Горбунов Данил («Ертіс»).

Қорғаушылар: Әйтім Санжар («Астана»), Совет Сағи («Астана»), Ілиясов Әлім («Астана»), Шәмші Бексұлтан («Ордабасы»), Хаджиев Аслудин («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Ульшин Андрей («Қайрат»), Махан Руслан («Астана»), Куцевол Борис («Ертіс»), Сағынаев Сұлтан («Астана»), Сейітов Амал («Еңбек»), Қайыркенов Жасұлан («Астана»), Кеңесов Арман («Ертіс»), Скворцов Антон («Ақтөбе»), Хайтмұратов Ұлықбек («Оңтүстік» академиясы), Швырев Владислав («Қайрат»), Сизов Иван («Қайрат»).

Шабуылшылар: Құлманбетов Аймахамбет («Ордабасы»), Сидоров Вадим («Қайрат»), Красноперов Денис («Ертіс»), Грабко Виктор («Атырау»), Сейдахмет Еркебұлан («Монтажник»).

Бапкерлер алқасы: аға жаттықтырушы - Кузнецов Александр, аға жаттықтырушының көмекшісі - Маштаков Игорь, дәрігер - Ахметов Ғалилбай, жаттықтырушылардың қақпашысы - Тілеуқұлов Ерлан, массажшы - Қасенов Бейсебай, әкімші - Горячий Владимир, менеджер - Дүзелбаев Берік.

Тізімге қайта оралу