|   |   |  Басты мәселе - балалар футболы

Басты мәселе - балалар футболы

Басты мәселе - балалар футболы
Астана футбол федерациясының аясындағы Балалар футбол орталығы

   Бүгінде балалар футболын дамытудың басты тетіктерінің бірі – аула футболын қолға алу. Көшеде бөтелке теуіп жүрген бүлдіршіндердің арасынан да болашақ чемпиондарды іздеп табуға болады. Ал оларды жазбай танып, футбол орталықтарына тарту – одан кейінгі тапсырма.  

Иә, расымен де балалар футболы мен бұқаралық футболдың дамуы аула аяқдобынан басталады. Бұған мысал келтіру үшін алыстан орағытудың қажеті жоқ. Бала біткеннің кумирі екі Роналдоның қай қайсысының да аяқдоппен ең алғаш көшеде доп теуіп танысқанын айтсаңыз жеткілікті. 

Бұл екеуі ғана емес, жалпы бразилиялық жұлдыздардың барлығы көшеде жалаңаяқ доп теуіп өскен футболшылар десек артық айтқандығымыз емес. Ал соңғы Мундиальда әлем чемпионы атанған Германияда балалар футболы тіптен ерек дамуда. Нақты айтсақ, немістердің әр аудан, әр округының өз футбол орталықтары бар. Барлығын қосқанда Германияда 350-ден астам футбол орталығы жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде сарапшылар немістер елінде 2 миллионнан астам жас футбол таланттары бар деп есептеп шығарыпты. Олар 16 жасында-ақ кәсіпқой футбол клубтарымен келісімшартқа отыруда. 

Балалар футболын аула аяқдобы арқылы дамытуды Астана қаласы да қолға алған. Нақты айтсақ, қаладағы аулалардың басым бөлігі шағын футбол алаңдарымен қамтылған. Ал шағын футбол алаңдары 6-15 жастағы жеткіншектер үшін доп теуіп, шеберліктерін шыңдауда таптырмас орындар екені айтпаса да түсінікті. Бүгінде Астана қаласының қай ауласын аралап шықсаңыз да бос жатқан шағын футбол алаңын байқамайсыз – таң әлекеуімнен қас қарайғанша асыр салып, доп қуалап жүрген балдырғандар.


Астана футбол федерациясының аясындағы Оқушылар лигасы

Сондай-ақ, аулада доп қуалап жүрген осы балалар Астана футбол федерациясының аясында ашылған Балалар футбол орталығына келіп, білікті мамандардың қарамағында жаттыға алады. Өткен жылы Қазақстан халқының бірлігі күні ашылған аталмыш Орталық кез-келген баланы қабылдайды. Футболмен айналысуға барлық жағдай жасалған Балалар футбол орталығының алаңы қаладағы ең үздіктердің бірі болып табылады. Бұдан бөлек, киім ауыстыру бөлмелері де кең, жуынатын бөлмелері де жылы, әрі жанға жайлы. Орталық барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Балалардың жаттығуына қарап көз қуанады. Сонымен қатар, ерекше қабілетімен көзге түскен өрендер белгілі бір аралықтардың ішінде «Астана» футбол клубының орталығының іріктеулеріне қатысуға құқық алады.

Балалар футбол орталығының есігі әрдайым ашық. Егер балаңыздың футболға деген ынтасын байқасаңыз, осында әкеліңіз. Іріктеусіз қабылдап, жұлдыз етіп шығарады.

Тізімге қайта оралу