Главная страница
 |   |   |  «Астана» – машина, ал «Қайрат» – қай нарыққа көз тіккен команда?

«Астана» – машина, ал «Қайрат» – қай нарыққа көз тіккен команда?

«Астана» – машина, ал «Қайрат» – қай нарыққа көз тіккен команда?
Жасыл алаңда – "Қайрат пен "Астана". Фото: fca.kz

Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы доп додасының көмбесі көріне бастады. Осыған орай, әр команданың биылғы ойын өрнектеріне қысқаша тоқталып өтсек деп едік...



«Астана» – машина. Бүкіл әлем Германия құрамасын «неміс мәшинесі» дейді ғой. Ал «Астана» – бүгінгі таңдағы қазақ футболының мәшинесі. Қуаты мен жылдамдығы «неміс мәшинесіндей» емес, әрине. Еуропада Батыстың көшбасшыларымен тайталасатындай деңгейге де жеткен жоқ. Әйтсе де, Қазақстан чемпионатының сапасыздау стадиондарына жарап тұр. Біздің елде жасыл алаң талғамайды – 4WD. Яғни төрт шебі (қақпа, қорғаныс, жартылай қорғаныс және шабуыл) бірдей жұмыс жасайды. «Қазақ мәшинесінің» жүргізушісі, яғни тізгінін ұстаған болгар маманы Станимир Стойлов біздің футболды қыры-сырын жақсы біледі.  



«Қайрат» – Ресей нарығына “байланған” команда. Ал бүгінде «ресейлік тауармен» Еуропаны қайран қалдыру мүмкін емес. Алыс шетелдік футболшылардың өздерін Ресейден таңдайды. Бірінші көрші елде доп теуіп, жерсінген болуы керек екен... Соңғы жылдары да бапкерлерін де осы елден іздеді. Бірақ биылғы маусымның ортасында бас жаттықтырушылық тізгінді біздің елде жүрген Испания маманына ұстатты. Бәлкім, енді ұстанған “берік саясаты” өзгерер. Нәтиже де болар. Білікті бапкер болса, құрамындағы ойыншылармен-ақ көңілге қонымды нәтиже көрсетуге болады.



«Ордабасы» – ардагер футболшылардың құтты мекеніне айналған команда. Сыры мен жыры көп ұжым. Сырын ұғу, жырын түсіну және дәлелдеу қиын. Бірде құйын болып соғады, енді бірде аптығы басылып қалады. Чемпионт соңында белді ойыншылары да жиі ауырып қала беретін болып жүр. Әйтсе де, биыл тұңғыш рет Қазақстан чемпионатының жүлдегері болуы бек мүмкін. Премьер-лигамыздың деңгейін осыдан-ақ бағамдай беріңіздер, бұл команда тәжірибелі ардагерлерімен-ақ жүлдеге іліккелі отыр. Өкшесін басқан бәсекелестерінен ұзап кеткен. Бәрін де санап отыр, «есепке бай», енді бір жеңіс болса, жетіп те қалуы мүмкін екен. Ал қалған ойындары ше?..

Жалғасы бар...

Тізімге қайта оралу