|   |   |  Хоккейде – Назаров, футболда – Васильев...

Хоккейде – Назаров, футболда – Васильев...

Хоккейде – Назаров, футболда – Васильев...
Фото Д.Васильевтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Хоккейде Андрей Назаров өз қарамағындағы ойыншыны, ал футболда Дмитрий Васильев өзі басқаратын клубтың бас бапкерін журналистерге сұхбат беріп тұрған жерлерін жетектеп әкетті...  

2015 жылы 10 қаңтар күні шайбалы хоккейден Астананың «Барысы» ҚХЛ додасы аясында «Автомобилист» (Екатеринбург) клубын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Осы ойынның бірінші кезеңінде «Барыстың» өрімдей жас ойыншысы Никита Михайлис есеп ашып, өзінің ҚХЛ-дағы ең алғашқы голын соққан болатын. Үзіліс кезінде «KazSport» телеарнасының журналисі еліміздің жас талантынан тікелей эфирде сұхбат ала бастаған болатын. Сол сәтте «Барыстың» бас бапкері, Ресей маманы Андрей Назаров Михайлисті қолынан жетектеп алып кетіп, флэш-сұхбатты жалғастыруға мүмкіндік бермеген-ді...

Осындай жағдай енді футболымызда да қайталанып отыр. Ақтөбедегі diapazon.kz басылымының мәлімдеуінше, клуб басшысы Дмитрий Васильев те телесұхбатты үзген.

Аталған басылымның тілшісі «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Юрий Уткульбаевтан сұхбат алып тұрған. Алайда аталған клубтың Бас директоры, Ресей маманы Дмитрий Васильев келіп килігіп, бас бапкерді жетелеп алып кеткен. Әрі «Оларға сен не айтсаң да, бұл адамдар (журналисті нұсқап) бәрін де теріс айналдырып, бізді жамандап, даттайды. Сондықтан олармен сөйлесудің қажеті жоқ, Кеттік», – деп ертіп әкеткен...

Тізімге қайта оралу