|   |   |  Бас бапкер тағайындауда «тышқанның» көмегіне жүгіндік

Бас бапкер тағайындауда «тышқанның» көмегіне жүгіндік

Бас бапкер тағайындауда «тышқанның» көмегіне жүгіндік

Биыл Қазақстан футбол федерациясы елде жоқ бастаманы шығарып, ұлттық құрамаға бас бапкер тағайындауды жанкүйерлер арасында дауыс беру арқылы жүргізді.

Шыны керек, бұған үрпиісе қарағандар көп болды. Шетелдіктер әзіл-оспаққа айналдырып, сан-сақа жүгіртті де. Тіпті eurosport.ru сынды беделді электронды басылымдар дауыс беру үшін жанкүйерлерге (халыққа) ұсынылатын өз тізімін көлденең тартты. Ал олардың тізімінде кім жоқ дейсің...

Жақында оқырманы көп отандық бір газеттің сайтында шетелдіктердің бас бапкерді дауыс беру арқылы таңдап алмақ болған ҚФФ басшысының «шешіміне» қатысты пікірлерін теріп жазды. Онда Швейцариядағы бір басылым осындай қадамдарымыздан соң Қазақстан құрамасының бірде-бір әлем және Еропа чемпионаттарының финалдық додасына шыға алмағанына таң қалмайтындықтарын білдірген.

Ал неміс порталдарының бірі «бас бапкерді “тышқан” арқылы таңдайды, бірінші кезеңінде үш мыңға жетпейтін адам дауыс берсе де, бұл – Орталық Азиядағы ерік білдірушілер үшін нағыз жетістік» деп үшін келемеждегендей де.

Абырой болғанда, дауыс беру доғарылды. Нақтырақ айтқанда, бірінші кезеңімен тәмамдалды. Өйткені ҚФФ бұл жерде «тазы болып» шалғандай. «Бірінші кезеңде 50 мың жанкүйер дауыс берсе, онда ұлттық құраманың бас бапкерін осындай жолмен тағайындау әрі қарай жалғасады» деп біздің футболда бағындырылмас межені белгіледі. Өйткені 50 мың адам дауыс бермек түгілі, соңғы жылдары Қазақстандағы қай ойынға осынша көрермен келіп, стадионға сыймай қалып еді?!

Сонымен бәрі де тәмам. Енді «тышқанның» көмегіне жүгінбейтін болдық. Бас бапкерді федерация өзі бекітеді.

"Сықақ соққы" айдарымен берілген бұған дейінгі әзілімізді мына жерден оқи аласыздар. 

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: