|   |   |  Болмасаң да ұқсап бақ...

Болмасаң да ұқсап бақ...

Болмасаң да ұқсап бақ...

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір «жұлдызды» көрсеңіз.

Құрметті оқырман, сіздерге арнап, жаңа айдар ашып отырмыз. Әзірше аптасына бір рет осындай әзіл-оспақ беріп отырмақпыз. Бабаларымыз «әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген ғой, біз де футболымызды әзіл-қалжыңмен «тұздықтап» отырсақ дейміз.

Осыдан бірер жыл бұрын «рэпті ағылшын тілінде орындаған жақсы, бұл стиль – осы тілге икемді» дегенді оқып қалып едім. Дұрыс па, бұрыс па оны білмеймін. Менің айтпағым, ал футбол – қазақ тіліне икемді. Оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеріміз өте көп. Жаза білсек, өзінің дархан таласындай бай тіліміз футболды қалай сипаттасақ та жетіп, артылар еді.

Бүгін ұлы Абай Құнанбаевтың қанша жыл, қанша дәуір өтсе де құнын жоғалтпайтын мағынасы терең өлең жолдарын «Сықақ соққымызға» қолданып отырмыз.

 

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір «жұлдызды» көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа, «футбол» сүйсеңіз.

 

«Алтын допты» кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Футболға көңіл бөлсеңіз.


Бапкерлердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Тізімге қайта оралу