|   |   |  Еуро-2016: Польша – Португалия матчында "аламандық" дерби

Еуро-2016: Польша – Португалия матчында "аламандық" дерби

Еуро-2016: Польша – Португалия матчында "аламандық" дерби
Еуро-2016. Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Польша – Португалия кездесуіне «аламандық» қос журналист Руслан Меделбек пен Рауан Оқас болжам жасайды.

Бүгін Польша – Португалия кездесуімен Франциядағы Еуропа чемпионатында ширек финал текетірестері басталады. Алғаш болып «Болжам-бәйге» бәсекесіне Руслан Меделбек пен Рауан Оқас түседі.

Руслан Меделбек («Аламан.кз» сайты)

Руслан Меделбек

Польша – Португалия 0:2

Бір қызығы, Португалия Польшаны соңғы рет 2002 жылғы әлем чемпионатында жеңіпті. Ал одан кейін өткен үш матчтың бірінде Польша жеңсе, екеуі тең аяқталған. Бұл жолы қос құрама жеңімпазды анықтауы тиіс. Топтық кезеңде сүреңсіз ойнаған Португалия Хорватиямен ойында ес жия бастағандай көрінді. Роналду бастаған жігіттер қарқынын Польшамен өтер ойында күшейте түсер. Әрине, Португалия сөзсіз фаворит және бұл құрама жартылай финалға шығарына кәміл сенем. Польша итжығыс есеппен жеңіледі. Дегенмен, ойын 90 минут көлемінде шешілуі тиіс. Енді матчтың детальдарын болжауға тырысып көрейін. Матч негізгі уақытта аяқталады. Ойыннан кейін пенальти сериясы болмайды, бірақ матчта бір пенальти болуы мүмкін. Ескерту саны 2-2 Бірінші тайм 0-0, Гол салуы мүмкін үш футболшы – Роналду, Куарежма, Нани.

Рауан Оқас («Аламан.кз» сайты)

Рауан Оқас

Польша – Португалия 1:0

Өткен жолы Хорватияны жеңеді деп Португалияға сенім артсам, бұл жолы Польшаға басымдықты бергім келеді. Әрине, Роналдуға құрметім ерекше. Бірақ менің қарсыласым Руслан Меделбектің бүйрегі португалиялықтарға бұрып отырған сияқты. Және де «Аламанды» құрушылардың арасындағы дерби болған соң, қайсымыз өтсек те жүлдеге қол жеткізейік деп тұрмыз. Левандовскийдің гол соғатын кезі келді. Жеңісті голды сол соғады деп бәс тіктім. Ойын негізгі уақытта Польшаның жеңісімен аяқталады. Гол соғуы мүмкін ойыншылар – Левандовский, Куарежма, Роналду.

Польша - Португалия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Руслан Меделбек

0:2

Х

Х

0:0

Роналду, Куарежма, Нани

0-1

Х

2-2

Рауан Оқас

1:0

Х

Х

0:0

Левандовски, Роналду, Куарежма

1-0

Х

2:2

Тізімге қайта оралу