|   |   |  Еуро-2016. Исландияның сенсациясы "болжамшыларды" тығырыққа тіреді

Еуро-2016. Исландияның сенсациясы "болжамшыларды" тығырыққа тіреді

Еуро-2016. Исландияның сенсациясы "болжамшыларды" тығырыққа тіреді
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Англия – Исландия арасындағы сенсациялық кездесумен Еуропа чемпионатының 1/8-финалы толық қорытындыланды.

Есепті 5-ші минутта пенальтиден ағылшындар ашқанымен исландиялықтар еңсе түсірген жоқ. Араға екі минут салып қорғаушы Рагнар Сигурдссон таразы басын теңестірсе, 19-шы минутта Колбейн Сигторссон Исландия құрамасын алға шығарды. Бұдан кейін екі командада да гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ.

Ал журналистер «Болжам-бәйгесінде» бұл кездесуге «Нұр Отан» партиясы баспасөз қызметінің өкілі Еламан Қоңыр мен «Бақ.кз» сайтының спорт тілісі Бек Төлеуов өз пайымдарын жасаған. Әлбетте, екеуі де Рой Ходжсон шәкірттерінің жеңісіне сенімді болды. Біріншісі 2:1 есебіне бәс тіксе, екіншісі 1:0 нәтижесі тіркеледі депті.

Болжамдары дұрыс шықпаған соң қосымша көрсеткіштерге көңіл аудардық. Бек Төлеуов Рунидің гол соғатынын дұрыс жазыпты. Еламан Қоңыр Руниден бөлек, Сигурдссонды да атап өткен. Бірақ қай Сигурдссон екенін көрсетпеген. Айта кетейік, Исландияда ата тегі дәл осындай екі футболшы бар. Қайсысын меңзегенін анықтай алмаған соң бұл пункті есепке алмадық. Басқа пунктілерден екеуі де бірінші тайм, пенальти, қызыл қағаз, сары қағаз сынды көрсеткіштерді дұрыс таппаған. Сондықтан, топтық кезеңдегі көрсеткіштеріне жүгіндік. Еламан Қоңыр «В» тобында 4 ұпай жинаса, Бек Төлеуов 3 баллды қанағат қылған.

Осылайша өте текетіресті болған бәсекенің нәтижесінде ширек финалға Еламан Қоңыр жолдама алды. Енді ол келесі кезеңде Еркін Шәкірмен жұп құрап, Франция - Исландия кездесуіне болжам түзеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Болжам-бәйге" бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.  


Англия - Исландия 1:2

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Еламан Қоңыр

2:1

Х

Х

0:0

Руни, Старридж, Варди – Гудмундссон, Бьярносон, Сигурдсон

Х

Х

2-5

Бек Төлеуов

1:0

Х

Х

0:0

Варди, Руни, Кейн

0-1

Х

1-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: