|   |   |  Еуро-2016. Антонио Конте Испания құрамасы мен Жандос Айтбайды үйіне қайтарды

Еуро-2016. Антонио Конте Испания құрамасы мен Жандос Айтбайды үйіне қайтарды

Еуро-2016. Антонио Конте Испания құрамасы мен Жандос Айтбайды үйіне қайтарды
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Қатарынан екі рет Еуропаны жеңген Испания құрамасы 1/8-финалда Италиядан ұшып, чемпиондық тәжін шешті. Ал бұл матчқа «Болжам-бәйге» бәсекесінде ақтаулық Асқар Ағатаев пен алматылық Жандос Айтбай өз пайымдарын жасаған.

«Ақтау спорт» сайтының редакторы «Скуадра Адзурраның» жеңісіне сенімді болған. 1:0 есебімен бәс тігіпті. Ал «хабарлық» журналист «Қызыл фурия» үшінші чемпиондығына тағы бір қадам жақындайды деп, 2:0 есебімен «пиренейліктердің» жеңісіне сенім білдірген болатын. Иә, ойында 2:0 есебі тіркелді, бірақ Италияның пайдасына.

Осылайша матч қорытындысын тура тапқан Асқар Ағатаев ширек финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы – талдықорғандық Ришад Тұрғанбаев. Екеуі Еуропа чемпионатының тағы бір классикасы – Германия – Италия матчына болжам жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Италия – Испания 2:0

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Асқар Ағатаев

1:0

Х

Х

0:0

Пелле, Де Росси, Эль-Шарави

Х

Х

2-2

Жандос Айтбай

0:2

Х

Х

0:1

Мората, Иньеста, Рамос

0-1

Х

2-3

Тізімге қайта оралу