|   |   |  Еуро-2016: Исландия ертегісіне нүкте қойыла ма?

Еуро-2016: Исландия ертегісіне нүкте қойыла ма?

Еуро-2016: Исландия ертегісіне нүкте қойыла ма?
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Бүгін Англия – Исландия арасындағы кездесумен Еуропа чемпионатының 1/8-финалы толық қорытындыланып, ширек финалға жолдама алған барлық команда анықталады.

«Болжам-бәйге» бәсекесінде Англия – Исландия матчына Еламан Қоңыр мен Бек Төлеу пікір білдіріп, өз пайымдарын жасайды. Екеуі де өз топтарынан екінші орынмен шыққан «болжамшылар». Бірауыздан ағылшындардың жеңісіне бәс тігіп отыр. Бірақ біріншісі 2:1 есебін құп көрсе, екіншісінің пікірінше таблода 1:0 нәтижесі тіркелмек. Ал кездесудің қалай өрбитінін және қайсысы ширек финалға жолдама алатынын бүгін түнде білетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Еламан Қоңыр («Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі)

Еламан Қоңыр

Англия – Исландия 2:1

Бұл жұпта Англияның басым екені сөзсіз. Сондықтан ағылшындар келесі кезеңге өтеді деп болжам жасаймын. Бірақ Рой Ходжсонның командасы қарсыластарын ірі есеппен жеңуі екіталай. Себебі, топтық кезеңде де Англия фаворит болғанымен, бұл құрама барлығы 3 қана гол соқты. Тіпті словактардың қақпасынан саңылау таба алмай, дал болғанын білеміз. Сондықтан бұл кездесуде де бір доп айырмасымен ғана жеңіске жетуі мүмкін.

Өз кезегінде Исландия – топтық сайыста барлық ойында гол соғып, жанкүйерлерін қуантқан құрама. Тіпті, Португалияның өзін сан соқтырып кеткені есімізде. Сол себепті оларға ағылшындарға бір гол соғуға қауқарлы деп баға беремін. Бірақ одан әріге шамалары жетпейтін шығар. 

Жалпы, ойын барысында Исландияның негізінен қорғанысқа көңіл бөлетіні анық. Тіпті, олар ойын тағыдырын матч соңындағы пенальти арқылы шешуге де қарсы болмауы әбден мүмкін. Сондықтан қорғаныс арқылы ойнап, мейлінше уақыт созып, реті келгенде ғана қарымта шабуылға шығады деген ойдамын. Осыған орай Англия амалсыздан бірінші нөмірмен ойнайды. Ал мұндай тактиканың ағылшындарға аса қолайлы емес екенін топтық кезеңде байқадық. Десек те, сайыстың сол сатысында жіберген қателіктерден сабақ шығарып, осы жолы Руни бастаған жігіттер мәселені пенальти тұрмақ, экстра таймға да жеткізбей шешіп тастауға тырысатыны сөзсіз. Сондықтан кездесу негізгі уақытта аяқталып, Англия 2:1 есебімен жеңіске жетеді деп болжаймын. 

Бек Төлеуов («Бақ.кз» сайты)

Бек Төлеуов

Англия – Исландия – 1:0

Рой Ходжсонның шәкірттері «В» тобында көшбасшы болғанына қарамастан екінші орынмен шықты. Топтағы көшбасшылықты көрші мемлекет Уэльске беріп қойды.

Исландия бұл турнирге алғаш рет қатысып отырғандарына қарамастан топтық кезеңде бірде-бір ойында жеңілген жоқ. Тіпті Роналду бастаған Португалияны артқа тастап, екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды.

Екі команда аса жиі кездесе қоймайды екен. Жаңа ғасыр басталғалы бір рет ғана жолыққан. 2004 жылы жолдастық кездесуде ағылшындар 6:1 есебімен жеңген. Бірақ ол кезбен бұл уақытты салыстыруға келмес. 

Допқа ағылшындар көбірек иелік етеді. Ойынның 60 пайыздан астамына ағылшын футболшылары иелік ететін болады. Ходжсон шәкіттері тиісінше соққыны да көп бағыттайды. Ал исландықтар негізінен қарымта шабуылға иелік етеді. Ескерту қағаздары көп болмайды. Ағлышындар бір сары қағаздан артық алмайды. Ал аралдықтарға бас төреші 2 немесе 3 сары қағаз көрсетеді.

Англия - Исландия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Еламан Қоңыр

2:1

Х

Х

0:0

Руни, Старридж, Варди – Гудмундссон, Бьярносон, Сигурдсон

Х

Х

2-5

Бек Төлеуов

1:0

Х

Х

0:0

Варди, Руни, Кейн

Х

Х

1-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: