|   |   |  Еуро-2016: "Алыптар айқасында" кім жеңеді?

Еуро-2016: "Алыптар айқасында" кім жеңеді?

Еуро-2016: "Алыптар айқасында" кім жеңеді?
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі

Бүгін Еуропа чемпионатының 1/8-финалы аясындағы ең тартысты матч. Бұл кездесуге болжам жасаудың өзі үлкен ерлік.

Сен-Дени қаласының «Стад-де-Франс стадиона Италия мен Испания құрамалары шығады. Көпшілік «финал алдындағы финал» деп айдар таққан бұл кездесуге «Е» тобында 1-орын Асқар Ағатаев пен «D» тобында 2-орыннан көрінген Жандос Айтбай болжам жасайды. Бірі аппениндіктердің жеңісіне сенімді болса, екіншілері пиренейліктер жеңіске жетеді дейде. Қайсысының жолы болар екен?

Асқар Ағатаев («aktausport.kz» порталы)

Асқар Ағатаев

Италия – Испания 1:0

«Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңіне шыққаныма шындығын айту керек, қуанып отырмын. Тағдыр ма? әлде бұл өмір ме? деген сияқты маған болжам жасауға тағы да Италия құрама командасы бұырыпты. Ол да бір жақсылықтың немесе жеңістің белгісі деп есептеймін. Қос команда бір-бірін жақсы біледі. 2012 жылдың Еуропа чемпионатында испандықтар финалдық кездесуде италия құрамасын тас-талқан етіп, 4:0 есебімен жеңген болатын. Сол жеңілістен кейінгі Марио Балотелли мен Андреа Пирлоның көз жасы әлі көз алдымызда тұр. Ол өткен іс, тарих. Жеребе екі команданы қайта қосты. Жалпы Италия құрамасы биылғы Еурода тәуір ойын көрсетіп жүр. Әсіресе қорғаныстағы ойындары жарап тұр. Қақпада Буффон, қорғаныста «Ювентустың» үш бірдей ойыншысы Кьелини, Бонуччи, Бардзали. Аталған төрт ойыншы бір-бірін қолдарындағы бес саусақтарындай біледі. Ойындарында кемшіліктер кетіп жатса, сөзбен емес, көзбен жеткізетін дәрежеге жеткен. Дегенмен, Италияның қазіргі проблемасы – Пирло сияқты ойынды басқаратын лидердің жоқтығы. Бірақ испандықтармен өтетін ойында Конте бір амалын табар. Ал «Қызыл фурияның» ойыны тұрақсыздау болып тұр. Алғашқы екі ойынын жақсы өткізсе, хорваттармен болған матчта Испания құрамасы шаршап қалды. Әсіресе қорғаушылар көп қателік жасады. Мұны Дель Боксенің өзі де түсініп отыр. Олардың доп иемдену тактикасы Италия командасын састыртып, қорқыта қоймас. Бұл ойын тартысты өтеді, бірақ гол аз болады. Менің болжамым Италия командасы негізгі уақытта бір гол салып, жеңісті өз пайдасына шешеді. Жалғыз голды Грациано Пелле соғуы тиіс. Антонио Конте шәкірттері 2012 жылғы Евро финалының жеңілісінің есесін қайтаруға барын салады.

Жандос Айтбай («Хабар» телеарнасы)

Жандос Айтбай

Италия – Испания 0:2  

Испания мен Италия ежелден қарсылас. Екеуі де кез келген жарыстың фовориті. Екі команданың сапында да кіл мықтылар ойнаған әліде ойнайды. Сондықтан бұл жұпта кімнің тасы өрге домалайды деген сауалға дөп басып айту қиын. Бәрі мүмкін. (Тең ойын, пенальти, қызыл қағаз, экстра тайм, ірі есеп т.б.) Алайда плей-оф шартына бағынып болжам жасауға тиіспіз.

Жұрттың көбі Италия жеңеді, Буффондар есе қайтарады деп болжайды.  Олар 4 жыл бұрында есе қайтаруды көздеді емес пе? Бірақ финалда Иньесталардың қарқынына төтеп бара алмады. Осы жолы да Конте командасы Испанияның мықтылығын еріксіз мойындайды деп ойлаймын. Дель Боске шәкірттері жылдам гол соғуды жоспарлайды. Егер Испания бірінші болып есеп ашса, ойынның қыза түсетіні анық. Ал бірінші голды Италия соқса, қорғанысқа жамбастайды. Онда Еуропа чемпиондарына қиындау болады.  Дегенмен есепті Буффонның командаласы Альваро Мората ашып, екінші таймда Иньеста қорытынды нәтижені белгілейді деп болжаймын.

Италия - Испания

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Асқар Ағатаев

1:0

Х

Х

0:0

Пелле, Де Росси, Эль-Шарави

Х

Х

2-2

Жандос Айтбай

0:2

Х

Х

0:1

Мората, Иньеста, Рамос

0-1

Х

2-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: