|   |   |  Еуро-2016: Аймақтар дербиінде "жетісулық" журналист жеңіске жетті

Еуро-2016: Аймақтар дербиінде "жетісулық" журналист жеңіске жетті

Еуро-2016: Аймақтар дербиінде "жетісулық" журналист жеңіске жетті
Еуро-2016: Журналистер "Болжам-бәйгесі"

«Болжам-бәйге» бәсекесінің аймақтар дербиінде жетісулық Ришад Тұрғанбаевтың бағы жанып, ширек финалға жолдама алды.

Өз тобынан 3-орынмен әзер іркіліп шыққан «Жетісу» газетінің өкілі Ришад Тұрғанбаев плей-офф кезеңінің 1/8-финалында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының спорт редакторы Әділбек Жақановпен кездескен. Өз кезегінде Сыр елінің сырттаны «С» тобында бірінші орынды иемденген болатын.

Екі болжамшымыз да Германия – Словакия кездесуіне 2:0 есебін көрсетіпті. Матч 3:0 нәтижесімен аяқталып, қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді. Осылайша бірінші таймның нәтижесін дәл тапқаны үшін жеңіс Ришад Тұрғанбаевқа берілді.

Енді ол ширек финалда ақтаулық Асқар Ағатаев пен алматылық Жандос Айтбайұлының қай жеңгенімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Германия – Словакия 3:0

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Әділбек Жақанов

2:0

Х

Х

1:0

Мюллер, Гомес

1

Х

1-3

Ришад Тұрғанбаев

2:0

Х

Х

2:0

Мюллер

1

Х

2-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: