|   |   |  Еуро-2016: Шторк шәкірттері ширек финалға шыға ма?

Еуро-2016: Шторк шәкірттері ширек финалға шыға ма?

Еуро-2016: Шторк шәкірттері ширек финалға шыға ма?
Еуро-2016: Журналистер болжам-бәйгесі

Күтпеген жерден өз тобынан күні бұрын шығып қойған Венгрия құрамасы мен Эден Азар бастаған Бельгия құрамасы арасындағы ойын да осы кештің көркі болмақ.

«Болжам-бәйге» бәсекесінде бұл матчқа өз пайымдарын «F» тобының жеңімпазы Арай Ізбай мен «Е» тобынан 2-орынмен шыққан Ермұхамед Мәулен жасаған. Қайсысының болжамы дәл келіп, ширек финалға шығар екен? Оны біз бүгінгі кездесуден кейін білетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңдеріне арналған ережемен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Арай Ізбай («National geographic Kazakhstan» журналы)

Венгрия – Бельгия

Ермаш Мәулен

Дүйім жұртты таң қалдырған Венгрияның таңғажайып әлемге саяхаты жалғасар ма екен, жоқ па? Осы сұрақ бәрін де мазалап тұрған болар... Қалай болса да басында сөзсіз аутсайдер саналған мажарлар әлі жарыс жолында келеді. Келесі қарсылас бұл Еуро 2016 додасының фавориті Бельгия құрамасы. Шыны керек, екі ұжым да керемет тәжірибесімен мақтана алмайды. Сол себепті те, бірінші кезекте қорғаныста мұқият ойнауға тырысады. Ал бұл өте аз гол болатынының алғышарттары. Алғашқы таймда мүлдем гол болмайды десек қателеспейтін шығармыз. Алайда, үзілістен кейін ойын мәнері мүлдем өзгеруі тиіс, қос тараптың шабуыл өті көбірек тәуекелге барады деп ойлаймын. Барлығы да, ойыншылардың шеберлігіне келіп тіреледі. Венгрия тарапынан, әрине құрама капитаны Балаж Джуджак, Золтан Штибер мен Адам Солои көзге түсуі ықтимал. Ал, қызыл сойқандар сапында әлемнің үздік ойыншыларын тізуге келмейді, ол үшін құрама сапын түгелдей атап шығу қажет. Дегенмен де Эден Азар, Лукаку мен Наинголланға ерекше үміт артам. 

Жалпы ойын Бельгияның басымдылығымен өтеді деген пікірдемін. Алаңнан ешкім қуылмайды, бас  төреші кем дегенде 4 ескерту көрсетеді. Келесі айналымға шығу үшін, Марк Вильмотс жігіттеріне негізгі уақыт жеткілікті. Ал, қорытынды есеп Бельгияның пайдасына 2:1 аяқталады. Голдардың басым бөлігі екінші таймда соғылады.

Ермұхамед Мәулен («ҚазСпорт» телеарнасы)

Венгрия – Бельгия 1:2

Ермұхамед Мәулен

Келесі кезеңге Бельгия өтеді. Олар бірінші таймда 1:0 есебімен жеңіске жетеді. Ал екінші таймда қос команда тағы да бір-бірден гол салады. Осылайша келесі кезеңге Бельгия өтеді. Ол осы жұптың фавориті екені даусыз. Матчта пенальти белгіленіп қалуы әбден мүмкін. Оны Венгрия құрамасы орындайтын да шығар.

Ойын өте тәртіпті болады деп есептеймін. Сары қағаздар көрсетілгенімен қызыл қағазға дейін жағдай жете қоймас. Венгриядан гол соғуы мүмкін футболшылар деп Балаш Джуджак, Адам Салай, Золтан Гера секілді футболшыларды атар едім. Ал Бельгиядан ондай ойыншылар жеткілікті. Азар, Бентеке, Лукаку.

Венгрия – Бельгия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Арай Ізбай

1:2

Х

Х

0:0

Джуджак, Штибер, Салай – Азар, Лукаку, Наинголлан

Х

Х

2-3

Ермұхамед Мәулен

1:2

Х

Х

0:1

Джуджак, Салай, Гера – Азар Бентеке, Лукаку

1-0

Х

3-1

Тізімге қайта оралу