|   |   |  Рикарду Куарежманың голы Рауан Оқасты ширек финалға шығарды

Рикарду Куарежманың голы Рауан Оқасты ширек финалға шығарды

Рикарду Куарежманың голы Рауан Оқасты ширек финалға шығарды
Еуро-2016: Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Еуропа чемпионатының 1/8-финалы аясындағы Хорватия – Португалия кездесуі экстра-таймға дейін созылып, Рикарду Куарежму соққан голдың арқасында пиренейліктер ширек финалға жолдама алды.

Бұл матчқа «ҚазСпорт» телеарнасының комментаторы Ермек Төрениязов пен «Аламан» сайтын құрушылардың бірі Рауан Оқас болжам жасаған. Алғашқысы «шақпақ жейделілердің» жеңісіне сенімді болды. Тіпті, 3:1 есебімен ұтады деп, сенімді түрде пайымын жасады. Ал Рауан Оқас ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, экстра-таймда португалдықтар жеңіске жетеді деген.

Иә, португалдықтар жеңіске жетті. Соның арқасында Рауан Оқас та ширек финалға қол жеткізді. Енді ол келесі кезеңде «аламандық» дербиде Руслан Меделбекпен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ермек Төрениязов

Қорытынды есеп – 3:1

Бірінші таймның есебі – 1:0

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Ракитич, Перишич, Срна – Роналду, Нани, Куарежма

Пенальти – жоқ

Қызыл қағаз – болмайды

Сары қағаз есебі – 2-3

Рауан Оқас

Қорытынды есеп – 2:3

Бірінші таймның есебі – 1:0

Экстра тайм – 0:1

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Лука Модрич, Дарио Срна – Криштиану Роналду, Луиш Нани

Пенальти – 1

Қызыл қағаз – 1

Сары қағаз – 5

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: