|   |   |  Еуро-2016: Болжамшыларымыз "Неміс мәшинесінің" қарқынына сенімді

Еуро-2016: Болжамшыларымыз "Неміс мәшинесінің" қарқынына сенімді

Еуро-2016: Болжамшыларымыз "Неміс мәшинесінің" қарқынына сенімді
Еуро-2016. Журналистер "болжам-бәйгесі"

Еуропа чемпионатының 1/8-финалы аясындағы қызықты ойындардың бірі Германия мен Словакия ұлттық құрамалары арасында өрбімек.

«Болжам-бәйгеге» қатысқан екі журналист те «Неміс мәшинесінің» жеңісіне бәс тігіп отыр. Екеуі де 2:0 есебіне сенімді. Дегенмен, қызылордалық Әділбек Жақанов әр таймда бір-бір голдан соғылады деп топшыласа, талдықорғандық Ришад Тұрғанбаев Германия ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастап, үзіліске дейін екі гол соғады деген екен.

Әділбек Жақанов («Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы)

Әділбек Жақанов

Германия – Словакия 2:0

Германия басты фаворит. Бірақ, соңғы жолдастық кездесуде Словактар «неміс машинасын» 3-1 есебімен тізе бүктірген болатын. Бұл жолы бәрі басқаша өрбиді. Себебі белгілі, плей-офф кезеңінде Иохим Лев шәкірттері жасыл алаңда бар күшін салып, Гамшиктерді еліне ерте қайтаратын секілді. Менің ойымша матч негізгі уақытта аяқталып, 2-0 есебімен немістердің пайдасына шешіледі.

Қосымша мәліметтерге де тоқтала кетсем, бірінші таймда Мюллер есеп ашады деген сенімдемін. Ал екінші кезеңде словактар шабуылға ұмтылып, тағы бір гол жіберіп алуы әбден мүмкін. Голдың авторы Марио Гомес деп қояйыншы.

Тағы бір ескеретін жәйт, ойынның негізгі уақытында пенальти белгіленуі әбден мүмкін. Сары қағаз көрсеткіші бойынша 1-3 словактар жиі ойын ережесін бұзатын болады. Кездесудің шырқын бұзатын қызыл қағаз болмайтын шығар деп ойлаймын.

Ришад Тұрғанбаев («Жетісу» газеті)

Ришад Тұрғанбаев

Германия – Словакия 2:0

«Неміс машинасы» бұл ойында қатты қарқын алады. Алғашқы ойындарында бір қалыпты ойын көрсеткен немістер, күшін сарқып алмауды ойлаған болар. Мәренің төбесі қылтиғанда көз жазып қалуды қаламайды. Керсінше қарқын қосып, жаңа тактика қолдануы да мүмкін. Әсіресе орталық шептен пас қарша борайды. Шауылшылар бұл кездесуді текке терлемейді. Алдыға асырылған пасты голға айналдыру жолын қарастырады. Томас Мюллердің бағы жанады. Екі голды да осы футболшының еншісіне жазылады. Өзіл де көзге түседі. Стандартты жағдайды көп орындайтын осы жігіт болады. Бірақ нәтижеге қол жеткізе алмайды. Ал қарсыластары да қарап қалмас. Чемпионаттың басында көп жанкүйер бұл команданы үйіне ерте қайтарып қойған. Бірақ жаман ойын көрсеткен жоқ. Керсінше үнемі шабуыл өтіне көп шықты. Негізгі тактикасы жылдам ойын. Ойыншылармен алдасып жүрмейді. Пас алған ойыншы тезірек алға асырады. Сол арқылы қарсыластарын әлсіретуге тырысады. Өкінішке орай «неміс машинасының» бетін тойтара алмайды. Словакияның 1\8-финалға шығуының өзі үлкен жетістік. 

Германия – Словакия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Әділбек Жақанов

2:0

Х

Х

1:0

Мюллер, Гомес

1

Х

1-3

Ришад Тұрғанбаев

2:0

Х

Х

2:0

Мюллер

1

Х

2-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: