|   |   |  Еуро-2016: Ирландия дода қожайындарын таңғалдыра ала ма?

Еуро-2016: Ирландия дода қожайындарын таңғалдыра ала ма?

Еуро-2016: Ирландия дода қожайындарын таңғалдыра ала ма?
Еуро-2016: Журналистер "Болжам-бәйгесі"

Еуропа чемпионатының 1/8-финалында бүгін алаңға дода қожайындары Франция мен «Е» тобында 3-орын иемденген Ирландия құрамалары алаңға шығады.

Лиондағы текетіреске «А» тобынан бірінші орынмен шыққан Роза Әрен және «С» тобынан 3-орынмен шыққан Еркін Шәкірұлы болжам жасайды. Екеуі де Францияның жеңісіне сенеді екен. Дегенмен, бірі ойын 2:0 есебімен аяқталады десе, екіншісі 3:1 нәтижесіне сенімді. Тіпті Еркін Шәкірұлы Ирландияның бір ойыншысы алаңнан қуылады деп, ва-банкке барып отыр. Қызық болжам. Қалай болар екен?

Роза Әрен (el.kz интернет жобасы)

Роза Әрен

Франция – Ирландия 2:0

Бұл матчта есеп 2-0 болады деп болжап отырмын. Ойын негізгі уақытта аяқталады деп топшылаймын. Меніңше, әр таймда бір-бір голдан соғылады. Бұл ойында пенальти болмайды. Ойыншылар 2 және 3 сары қағаздан алады деп ойлаймын. Франция құрамасы ойыншыларының арасынан гол соғып, көзге түсетіндер: Оливье Жиру, Антуан Гризманн және Поль Погба. Бұған дейін Франция құрамасының ойынына үш рет болжам жасадым. Айтқаным айдай келіп, екеуінде жеңіске жеттім. Бір болжамым матч қорытындысы бойынша тура келді. Франция маған осы жолы да жеңіс сыйласа екен!

Еркін Шәкір («Қазақстан» ұлттық арнасы)

Еркін Шәкір

Франция – Ирландия 3-1

Матч негізі уақытта аяқталады. Өйткені Франция өз алаңында және биылғы Еуропа чемпионатының фавориті. Бірінші таймда футболшылар алаңнан 1:0 есебімен тарқасады. Франция салады. Екінші таймда жалпы 3-1 болып аяқталады. Француздардан Пайе, Гризманн, Жиру және Жиньяк салады. Ирландиядан Коулмен, Хулэхан, Кин. Матч барысында Погба нәтижелі пас береді. Ирландия сапынан бір ойыншы алаңнан қуылады. Ирландия сапынан 3 ойыншы, француздардан 1 ойыншы ескерту алады. Келесі кезеңге Франция шығады. Жалпы есеп 3:1.

Франция – Ирландия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Роза Әрен

2:0

Х

Х

1:0

Жиру, Гризманн, Погба

Х

Х

2-3

Еркін Шәкір

3:1

Х

Х

1:0

Гризманн, Жиру, Жиньяк – Кин, Коулмен, Хулэханй

Х

0-1

1-3

Тізімге қайта оралу

Ұқсас мақалалар: